RU

"Қалай тыныш ұйықтайтынын түсінбеймін": Сапарбаев әкімдерге шүйлікті

Сапарбаев1
Фото: facebook.com

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев білім саласындағы өзекті мәселелер бойынша кеңес өткізіп, аудан әкімдерінің жұмысын сынға алды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Жамбыл облысы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Жамбыл облысында жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары өте әлсіз жүргізілуде. Өңір басшысы тиісті басқармалардың жұмысына осындай баға берді.

"Жоспарға сәйкес көптеген нысандардағы құрылыстарды 25 тамызға дейін аяқтау керек. Дегенмен, менің байқауымша, нысандардың құрылысы күзде, оқушылар мектепке баруға мәжбүр болған кезде ғана аяқталмақ. Көбісі оқу қашықтықтан өтеді деп үміттенуде. Сондықтан олар аса асықпайды. Осы орайда білім беру саласындағы жұмыстардың өте нашар жүргізіліп жатқанын айта кету керек. Бұл оқулықтармен және компьютерлермен қамтамасыз етуге де қатысты", – деді облыс әкімі.

Білім беру саласындағы тағы бір маңызды мәселе – сырттағы мектеп дәретханалары қатысты. Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша, олардың бәрі 1 қыркүйекке дейін мектеп ғимараттарына енгізілуі керек еді. Бұл үшін 1,1 миллиард теңге бөлінген.

Белгілі болғандай, осы уақытқа дейін 285 дәретхананың тең жартысы ғана көшірілген. Бұл орайда Байзақ, Қордай, Меркі, Шу аудандары айтарлықтай артта қалып отыр.

"Басқалардан қарағанда көбірек қаражат бөлінді, бірақ ол тиімсіз игерілген" деген Бердібек Сапарбаев Байзақ ауданының білім саласындағы жұмысын сынға алды.

Өңір басшысы жылы санитарлық тораптармен жабдықтау бойынша қатал ескертулер жасады.

"Бұл біздің өзіміздің балаларымыз. Неге құрылыс кезінде осы туралы ешкім ойламайды? Неліктен дәретханалар арасында бөліктер жасалынбаған? Әр дәретханаға кем дегенде екі миллион теңге жұмсалады. Бұл қарапайым дәретхана салу үшін шынымен жеткіліксіз бе?

Оқу жылының басталуына небары 10 күн қалды, ал жұмыс аяқталған жоқ. Мен аудан әкімдерінің қалай тыныш ұйықтайтынын түсінбеймін. Олардың орнында болсам, желтоқсан айында балалардың күн сайын көше дәретханаларына қалай баратындарын ойланатын едім. Бұл балалардың алдында ұят", – деді Сапарбаев.

Сонымен қатар жиын барысында облыс әкімі өңірдегі барлық мектептерде бейнебақылау камераларын орнатуды тездетуді тапсырды.

Еске салсақ, бұған дейін Тараз-Арена" спорт кешеніне Жақсылық Үшкемпіровтің есімін беру ұсынылған болатын.

Бердібек Сапарбаев Жақсылық Үшкемпіровтің отандық күрес мектебінің қалыптасуы мен дамуына, қазақстандық спорттың жоғары деңгейге көтерілуіне қосқан үлесін атап өтіп, халық қалаулыларына бұл бастаманы қолдағаны үшін алғыс айтқан еді.

Сонымен қатар өңір басшысы тәртіпсіздік орын алған Талас ауданының Қасқабұлақ ауылына барып тұрғындарымен кездескен болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1870029-kalaj-tynys-jyktajtynyn-tsinbejmin-saparbaev-kimderge-sjlikti.html