Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда карантин жеңілдегеннен кейін ашылған нысандар не себепті қайта жабылуы мүмкін

Опубликовано:

Сауда орталық достық плаза
Фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Оңтүстік астанада карантин жеңілдетілгеннен кейін ашылған нысандар не себепті қайта жабылуы мүмкін. Бұл сұраққа онлайн-брифинг барысында Алматы қаласы кәсіпкерлік және инфестициялар басқармасының басшысы Қанат Сағындықов жауап берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Сағындықовтың айтуынша, қызметін жандандыруға өтініш берген 15 нысанға ескерту жасалған, оларға бұзушылықтарды жою үшін уақыт берілген.

Аталған нысандарда көбінесе еденде әлеуметтік арақашықтықты белгілейтін жолақтардың, санитайзерлер қорының, бутиктерге кіреберістегі белгілердің жоқтығы және тағы басқа бұзушылықтар байқалған.

Сондай-ақ нысандарда ауаның үздіксіз берілуін қамтамасыз ету үшін желдету жүйелері тексерілуде.

Қызметін жандандыруға рұқсат берілген нысандарда міндетті түрде стационарлық және қолға ұстайтын тепловизоры болуы тиіс.

Басқарма басшысының сөзіне қарағанда, жалпы 96 ірі сауда нысаны жұмысын жандандыруға өтініш берген. Олардың ішінде сауда ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері және аумағы 2000 шаршы метрден асатын сауда нысандары мен жабық базарлар бар.

Қазіргі уақытта 81 нысанға жұмыс істеуге рұқсат берілген. Олар – "Достық Плаза", "Глобус", "ЦУМ", "Мега Центр Алма-Ата", "Гранд Парк" және басқалары.

Еске сала кетсек, 17 тамыздан бастап қатаң карантин шаралары алынып, бірнеше нысандардың жұмысы қайта жанданғанын хабарлаған болатынбыз. Солардың қатарында сауда орталықтары да бар.

Сондай-ақ карантин шаралары жеңілдетілгеннен кейін Алматыдағы Grand Park орталығында ұзын-сонар кезек пайда болғанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1870069-almatyda-karantin-zeildegennen-kejin-asylgan-nysandardy-kajta-zabyluyna-ne-trtki-boluy-mmkin/

pixel