Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Португалия президенті суға батып бара жатқан екі аруды құтқарып қалды

Опубликовано:

Президент құтқарып қалды1
Кадр: видеодан

Португалия президенті Марселу Ребелу де Соуза жағажайда демалып жүргенде суға батып бара жатқан екі бойжеткенді құтқарып қалды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ lenta.ru-ға сілтеме жасап.

Анықталғандай мемлекет басшысы өткен демалыс күндері Алгарви аймағында демалып жүрген.

15 тамызда Марселу Ребелу каноэден құлған соң, қиындықтар туындаған екі аруды байқаған. Сол сәлтте 71 жастағы президент ойланбастан суға секіріп, оларға көмекке барған. Кейін бойжеткендерді құтқаруға гидроциклдегі ер адам да келген.

"Қыздар өзге жағажайдан жүзіп келді. Оларды қатты толқын осында алып келген. Олар аударылып қалды. Толқынның қатты болғаны соншалық қыздар каноэні не бұра алмады, не оның үстіне шыға алмады, не жүзіп кете алмады", - дейді Марселу Ребелу де Соуза.

Сонымен қатар перзидент бойжеткендерді құтқаруға тек өзі ғана көмекке келмегенін атап өтті.

Марселу Ребелу биылғы еңбек демалысының көп бөлігін елдің әр аймағында өткізген. Президент бұны коронавирустан зардап шеккен Португалияның туризіміне қандай да бір септігін тигізу үшін жасаған.

Айта кетейік, Португалияда атқарушы билік президентке тиесілі емес. Бірақ елде дағдарыс болған кезде ол парламентті таратып жібере алады.

Елде мемлекет басшысын бес жылға сайлайды. Сайланған адам президент лауазымында тек екі рет ғана бола алады.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қапшағайда полицейлер көпірден секірген бойжеткенді құтқарып қалғанын жазған едік.

Сонымен қатар тәртіп сақшыларының Барахолка маңындағы көпірден секірмек болған тұрғынды құтқарып қалғанын хабарлаған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1870075-portugalia-prezidenti-suga-batyp-bara-zatkan-eki-arudy-ktkaryp-kaldy-video/

pixel