Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Талдықорғанда Бейсен Құранбекке мурал салынды (фото)

Опубликовано:

Бейсен Құранбек
Фото: Instagram/beisenkuranbek

Алматы облысында белгілі журналист Бейсен Құранбектің құрметіне арнап мұрал салынды. Марқұм тележүргізушінің суреті өзі бірнеше жыл бойы жұмыс істеген "Жетісу" телеарнасының қасында пайда болды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бейсен Құранбектің муралы оның туған қаласы Талдықорғанда салынды. Енді өңірлік "Жетісу" арнасының қасындағы ғимаратта белгілі журналистің суреті тұратын болады.

Бұл туралы тележүргізушінің Instagram парақшасында хабарланды. Оны марқұмның туғандары жүргізеді.

Оған қоса, Бейсен Құранбектің муралында "Қарекет ет, батырым" деп жазылып тұр. Белгілі болғандай, Ысқабай түсірген фотоны ғимаратқа Бекболат Кеңесов түсірген.

"Бейсекеңнің рухына арналған муралдың жұмыстары бүгін аяқталды. Өзі талай жыл еңбек еткен “Жетісу” телеарнасы ғимаратының қасында маңдайы жарқырап, қасқайып қарап, жымиып тұр. Қарекет ет, батырым! Жобаның жетекшісі “Алматы облысы бойынша “Рухани жаңғыру” жобалық кеңсесі” ЖШС. Жобаға қолдау көрсеткен Алматы облысының әкімдігі. Жеңіс Ысқабайдың фотосын негізге ала отырып, суретті салған Бекболат Кеңесов" - деп жазылған парақшада.

Айта кетейік, бұған дейін отандық телепродюсер Әлия Құдайбергенова Бейсен Құранбек туралы жазылған естелік кітаптың жарыққа шыққанын хабарлаған болатын. Белгілі тележүргізушімен он жылға жуық бірге жұмыс істеген маман оған кезекті жазбасын арнап, марқұмға қатысты көпшілік білмейтін жайттарды айтып берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1870177-taldykorganda-bejsen-kranbekke-mural-salyndy-foto/

pixel