Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Роза Рымбаеваның ұлы Әли Оқапов үйленді (фото)

Опубликовано:

Оқапов
Фото: instagram.com/revuenews

Қазақстанның Халық әртісі, эстраданың жұлдызы - Роза Рымбаеваның ұлы Әли Оқапов шаңырақ көтерді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ revuenews-ке сілтеме жасап.

Әнші, биші, композитор Әли Оқаповтың таңдауы өзінің саханалас әріптесі Ақерке Бүркітбайға түскен.

"Роза Рымбаева ресми түрде “құдағи” атанды!... Енді міне, халық әртісі қарашаңырағына келін түсірмек. Қыз ұзату салтанаты қазіргі сәтте Атырау қаласында өтіп жатыр", - делінген желіде жарияланған жазбада.

Парақша оқырмандары қос ғашықтың отбасылы болғандарын аса қуанышпен қабылдаған.

"Тек бақыт тілейміз, Роза апайымыздың үйінде тек той болсын", "Бақытты болыңдар", "Жастар бақытты болсын!", "Өте жарасымды", "Роза ханым үшін қуаныштымыз", - деп жазған оқырмандар.

Айта кетсек, Әли мен Ақерке осы уақытқа дейін жақын қарым-қатынаста екендерін жасырып келген. Оқапов сүйіктісіне шілденің басында ұсыныс жасаған болатын. Ақерке Бүркітбай Instagram парақшасына тұрмысқа шығатынын айтып, фото салған.

Еске сала кетсек, Жанар Айжанованың да жалғы қызы келін атанды. Айжұлдыз өз үйінен салт-дәстүрге сай ұзатылып шыққан.

Осыған дейін Айжұлдыз Адайбекова әлеуметтік желісіндегі парақшасында сүйіктісінің "үйлену туралы" ұсыныс жасағанын жазған болатын.

Ғашығының кім екенін ұзақ уақыт бойы көпшіліктен жасырып келген қалыңдық оны жақында ғана көрсетті. Жанар Айжанованың жалғыз қызының таңдауы белгілі отандық блогер әрі режисер Қыран Талапбекке түскен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1870258-roza-rymbaevany-ly-li-okapov-jlendi-foto/

pixel