RU

Ұялы телефон жұмысын жақсарту үшін қандай қосымшаларды жою керек

Телефон
Көрнекі фото: pexels.com

Ресейлік сарапшылар телефон жұмысын жақсарту үшін қандай қосымшаларды жою керек екенін айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Прайм сайтына сілтеме жасап.

Мамандардың сөзінше, қажет емес әрі көп орын алатын қосымшаларды жою телефон жұмысын жақсартуға көмектеседі.

Сонымен қатар, жұмыс үстеліндегі сағат, ауа райы, жаңалықтар да құрылғы жұмысын бәсеңдетені анықталды. 

"Әсіресе, ескі смартфондар баяу жұмыс істейді. Бұл iOS құрылғыларына да, Android-қа да қатысты. Сонымен қатар, Android Go операциялық жүйесі орнатылған заманауи, бірақ арзан телефондардың жұмысы баяу болады", - деді олар.

Көрші елдің сарапшылары ескі, арзан телефон жылдам жұмыс істеуі үшін екі жол ұсынды:

  • Біріншісі - жүйе баптауын өзгерту.
  • Екіншісі - керек емес қосымшаларды жою немесе барынша аз орын алатын баламасын жүктеу.

Олардың пікірінше, ең алдымен, Facebook және YouTube сынды, шын мәнінде, ауыр қосымшаларға мән беру керек. Мамандар бұл қосымшалардың Android операциялық жүйесіне арналған Facebook lite, Google Maps Go сынды жеңілдетілген түрлері бар екенін еске салады.

Одан бөлек, сайттың немесе веб-браузердің жеңіл мобильдік түрін қолдануға болатынын жеткізді.

Маман телефон жадындағы бос орынды тексеру туралы кеңес берді. Егер 1 гигабайттан аз ғана орын болса, телефон жұмысы баяулар қалады екен. 

Еске сала кетсек, осыған дейін Плеханов атындағы Ресей экономика университетінің информатика кафедрасының доценті Александр Тимофеев ұялы телефонның экранын төмен қаратып қойса, оның қызмет ету мерзімі ұзаратынын мәлімдеген болатын.

Сонымен қатар, үйде жұмыс істегенде қандай ережелерді сақтаған жөн екенін жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1870307-aly-telefon-zmysyn-zaksartu-sin-kandaj-kosymsalardy-zou-kerek.html