RU

Қытайда санаулы секундтарда 21 көлік жер астына түсіп кетті

Қытай
Оқиға орнынан фото: Alpha press

Қытайдың оңтүстік-батысында асфальт опырылып, бірнеше секундтың ішінде 21 көлік жер астына түсіп кетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Life.ru-ға сілтеме жасап.

Сәрсенбіге қараған түні болған келеңсіз жағдай жол бойындағы бақылау камераларына түсіп қалған. Видео кадрларынан сауда орталығының жанына тұраққа қойылған көліктердің үлкен шұңқырға түсіп кеткенін анық байқауға болады.

Жергілік басылымдар таратқан ақпаратқа сәйкес, зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта оқиғаның себебі анықталуда.

Еске сала кетсек, Алматыда қымбат Ferrari мінген ер адам жаппай жол апатын ұйымдастырған еді.

Сондай-ақ оңтүстік астана маңындағы тас жолда алты көліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алып, соның салдарынан аяғы ауыр әйел мен оның күйеуі қайтыс болғаны хабарланды.

Сонымен бірге, 3 тамыз күні қазақстандық спортшылар мінген көлік апатқа ұшырап, үш балуан оқиға орнында көз жұмып, тағы екеуі ауыр жарақат алған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1870318-kytajda-sanauly-sekundtarda-21-klik-zer-astyna-tsip-ketti.html