Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Серік Сәпиев бала күтіміне байланысты демалысқа шықты

Опубликовано:

Серік Сәпиев1
Фото: Мәдениет және спорт министрлігі

Мәдениет және спорт министрлігінің спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Серік Сәпиев бала күтіміне байланысты демалыс алды. Ақпаратты министрліктің баспасөз қызметі растады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

"Серік Сәпиев 12 тамыздан 23 желтоқсанға дейін бала күтімі бойынша ресми демалысқа шықты. Комитет төрағасының міндетін оның орынбасары Серік Жарасбаев атқаратын болады", - деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев 2019 жылдың қаңтарынан бастап спорт және дене шынықтыру істері комитетін басқарып келеді.

Еске сала кетейік, бұған дейін Жапонияның қоршаған ортаны қорғау министрі Коидзуми Синдзиро бала күтіміне байланысты демалысқа шыққанын жазған едік.

Шенеуніктің айтуынша, ол әйелінің аяғы ауыр екенін білген сәтте бірден декреттік демалысқа шығуды ойлаған. Оның мұндай шешім қабылдауына ер адамдардың бала күтіміне байланысты демалыс алуына жапон қоғамының көзқарасын өзгерту түрткі болған.

Жапон заңы бойынша бала күтіміне байланысты демалыс ер адамға да әйел адамға да беріледі. Алайда ер адамдар бұл мүмкіндіктерін қолдана бермейді.

Сонымен қатар кезекті демалысы кезінде екі бойжеткендің құтқарып қалған Португалия президенті жайлы хабарлаған болтаныбыз.

Марселу Ребелу де Соуза Алгарви аймағында демалып жүргенде каноэсі аударылып қалып, суға батқан аруларға бірінші болып көмекке жеткен. Кейін бойжеткендерді құтқаруға гидроциклдегі ер адам да келген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1870416-serik-spiev-bala-ktimine-bajlanysty-demalyska-sykty/

pixel