Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сәпиев өзіне қатысты тараған қауесеттерге жауап берді

Опубликовано:

бокс
Фото: Sputnik / Абзал Калиев

Танымал қазақстандық боксшы және Олимпиада чемпионы, cпорт және дене шынықтыру комитетінің төрағасы Серік Сәпиев демалысқа неліктен шыққанынын түсіндіріп және өзінің тұтқындалуы туралы тараған қауесеттерге жауап берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Сәпиев демалысқа шығудың басты себебін төртінші қызының өмірге келуімен байланыстырды.

Ол "декреттік демалыс" алу туралы шешімді жанұясымен ақылдаса отыра қабылдаған деп жазады Zakon.kz.

Спортшы барлық достары мен туыстары бұл жаңалықты жақсы қабылдағанын және оның шешімін қолдағанын жеткізген.

Алдағы жоспарла туралы сөз қозғаған Сәпиев соңғы уақыттарда сирек көретін өзінің жанұясы мен ата-анасына мүмкіндігінше көп уақыт бөлгісі келетінін айтқан.

Сонымен қатар, боксшы өз мамандығымен байланысты істі толығымен ысырып қоя алмайтынын, демалыс кезінде де спортты дамытумен айналыса беретінін атап өтті.

Сондай-ақ, Сәпиев өзінің ұсталғаны туралы тараған қауесеттерге де пікір білдірді.

"Маған жұрттың көп назар аударытынын білемін, сол себепті түрі қауесеттер болады. Сіздерге менде барлығы жақсы екенін айтқым келеді", - дейді ол.

Айта кетейік, бұған дейін мәдениет және спорт министрлігінің спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Серік Сәпиев бала күтіміне байланысты демалыс алғанын жазған болатынбыз.

Естеріңізге сала кетейік, Серік Сәпиев спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы болып 2019 жылдың қаңтарында тағайындалған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1870560-spiev-zine-katysty-taragan-kauesetterge-zauap-berdi/

pixel