Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында жоғалған 21 жастағы қыз өлі күйінде табылды

Опубликовано:

14516
Көрнекі фото: pixabay.com

Тәртіп сақшылары бір тәулік бойы жоғалып кеткен 21 жастағы қызды іздеді. Ақыры оның денесі жазық даладан табылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Алматы облысы полициясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Құқық қорғау органдарыны мәлім еткендей, жақында туыстары 21 жастағы Алматы облысы тұрғынының жоғалып кеткенін хабарлап, полицияға жүгінген. Тәртіп сақшылары бірден іздеу жұмыстарына кірісті. Алайда, өкінішке орай, жоғалған қыз бір тәуліктен кейін өлі күйінде табылды.

Қазақстандықтың денесі 21 тамызда Еңбекші ауданындағы Өрнек ауылының сыртынан табылды. Оның денесінде зорлық-зомбылық белгілері анықталған.

Полиция "кісі өлтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Қажетті сараптамалар тағайындалды.

Айта кетейік, бұған дейін Қызылорда облысында туыстары жоғалған ер адамды бір жылдан бері іздеп жатқанын хабарлағанбыз.

NUR.KZ редакциясына 2018 жылдың желтоқсанында жоғалып кеткен Қызылорда облысы, Қараөзек ауылының тұрғыны Әшірхан Хайдаровтың туыстары хабарласты. Із-түзсіз кеткеніне көп уақыт болса да, олар жақынының тірі екеніне сенімді.

Еске салсақ, бұған дейін Грузиядағы туыстарына қонаққа барып, карантинге байланысты ұзақ уақытқа қалып қойған 13 жастағы алматылық Илья Пилпанидің жоғалып кеткенін хабарлаған едік. Ол 18 шілде күні велосипедпен серуендеу үшін үйден шығып кетіп, қайта оралмаған.

Жоғалған баланы іздестіру жұмыстарын Грузияның ішкі істер министрі жеке бақылауын алды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1870620-almaty-oblysynda-zogalgan-21-zastagy-kyz-li-kjinde-tabyldy/

pixel