Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көбейтұз көлінен уыттылығы жоғары химиялық заттар анықталды

Опубликовано:

Көбейтұз көлі
Көрнекі фото: inform.kz

Көбейтұз көлінен алынған суды талдау нәтижелері белгілі болды. Бұл туралы экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Facebook желісіндегі ресми парақшасында хабарланды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ведомствоның ақпаратынша, «Қазгидромет» өкілдері 25 шілдеде Ақмола облысы, Ерейментау ауданында орналасқан Көбейтұз көліне жоспардан тыс шығып, көлдегі судың, түп шөгінділердің және жағалаудағы топырақтың сынамаларын алды.

Көбейтұз көлі суының сапасын талдау 42 физика-химиялық көрсеткіштер бойынша жүргізілді. Түп шөгінділерде кадмий, марганец, мыс, күшәла, никель, қорғасын, хром мөлшері анықталды. Жағалаудағы топырақта - кадмий, мыс, мырыш, қорғасын, хром бар болып шықты.

Жер үсті суларының сынамаларында уытты, уыттылығы жоғары элементтер мен металдардың жоғары шоғырланғаны анықталды.

"Күшәла (20,7 мг/дм3), қорғасын (73,8 мг/дм3), кадмий (0,19 мг/дм3), мырыш (15,7 мг/дм3), хром (2,3 мг/дм3), мыс (1,4 мг/дм3), никель (0,4 мг/дм3), молибден (6,2 мг/дм3)" , - деп хабарлады министрлік өкілдері.

Мамандардың болжамы бойынша, макро-микроэлементтердің жер үсті суларына түсуінің ықтимал көзі жер асты топырақтарынан шайылуы себеп болуы мүмкін. Анықталғандай, Ерейментау ауданының жер қойнауы алтын, сүрме, тас көмір, боксит, гранит, әктас және басқа да қорларға бай.

Зерттеу нәтижелерін экологиялық реттеу және бақылау комитетіне жіберілді.

Ведомствоның мәлімдеуінше, Көбейтұз көлінде уыттылығы жоғары химиялық заттардың анықталуын ескере отырып, тағы да зерттеу жұмыстарын жүргізу керек. Оған денсаулық сақтау министрлігінің өкілдерін де тарту қажет. Ол су айдынының халық үшін қауіпсіздігін анықтау үшін керек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1870646-kbejtz-klinen-uyttylygy-zogary-himialyk-zattar-anyktaldy/

pixel