Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызылорда облысының экс- әкімімен бірге сот алдында кім жауап береді

Опубликовано:

Қуанышбек Ысқақов
Фото: Азаттық рухы

Дүйсенбі, 24 тамыз күні Қызылорда облысының бұрынғы әкімі Қуанышбек Ысқақовқа қатысты қылмыстық іс бойынша алғашқы тыңдалым өтеді. Бұл туралы Қызылорда қалалық №2 соты хабарлады. Сонымен қатар, экс- әкіммен бірге сот алдында кім жауап беретіні де белгілі болды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

№ 2 қалалық сотының ақпарынша, ведомствоға Қуанышбек Ысқақовқа қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі 190-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы бойынша (ақпараттық жүйені пайдаланушыны алдау немесе сенімге қиянат жасау арқылы жасалған алаяқтық) қылмыстық іс келіп түскен.

Бұл іске Қызылорда облысы әкімінің бұрынғы екі орынбасары Мұрат Имандосов пен Марат Дельмұхановтың да қатысы бар.

Мұрат Имандосов пен Марат Дельмұханов
Фото: oldru.kyzylorda-news.kz

Одан бөлек, хабарламада тағы екі кәсіпкер Жеңісбек Ысқақов пен Азат Досмаиловтың есімдері аталады. Олар да алаяқтық жасады (ҚР ҚК 190-ББ.4-б. 2-т.) және көмек көрсетті (ҚР ҚК 28-ББ. 5-б.) деп айыпталуда.

Еске сала кетсек, 27 наурызда әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы Қуанышбек Ысқақовтың ұсталғаны туралы ақпарат тараған еді.

Саясаткер Ербол Еділов Telegram арнасында кейбір дереккөздер дерегіне сүйене отырып, жемқорлықпен күресушілер бұрынғы әкімді ғана емес, оның орынбасарын, сондай-ақ оған туыс болып келетін екі кәсіпкерді де ұстағанын хабарлаған болатын.

Алайда, бұл ақпаратты ешбір жауапты орган не растап, не жоққа шығармаған еді.

Ал 28 наурызда Қызылорда облысының әкімі қызметіне Гүлшара Наушақызы Әбдіқалықованың тағайындалғаны белгілі болды.

30 наурыз күні сот Ысқақовты үйқамаққа алу туралы үкім шығарғаны расталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1870657-kyzylorda-oblysyny-eks--kimimen-birge-sot-aldynda-kim-zauap-beredi/

pixel