RU

“Пайызсыз несие алып беремін”: Қызылордада тұрғындарды алдаған алаяқ ұсталды

теңге
Көрнекі фото: NUR.KZ

Қызылорда облысының полицейлері тұрғындарды алдаған алаяқты қолға түсірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қызылорда қаласының тұрғыны 2019-2020 жылдары өзінің жерлестерінен “көпқабатты үйлерден пәтер алып беремін”, “пайызсыз несие алып беремін”, “жұмысқа орналастырып беремін”, “үйдің құжаттарын рәсімдеп беремін” деген түрлі желеумен сенімдеріне кіріп, жалпы сомасы 2,2 миллион теңге көлемінде ақшаларын алған.

Алаяқтың арбауына облыстың үш тұрғыны түсіп үлгерген. Тұрғындардан түскен арыздар негізінде Қызылорда облысы Полиция департаментінің қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп, нәтижесінде Қызылорда қаласының 47 жастағы азаматша құрықталды.

Тергеу барысында күдікті кінәсін толығымен мойындады. Оның іс-әрекеті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабының 3-бөлігінің 4-тармағымен сараланып, қылмыстық іс айыптау актісімен сотқа жолданды. Қызылорда қалалық сотының үкімі негізінде айыпталушыға үш жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сонымен қатар, сот жәбірленушіге келтірілген шығынды заңмен белгіленген тәртіппен өтеуді міндеттеді.

Айта кетейік, дүйсенбі, 24 тамыз күні Қызылорда облысының бұрынғы әкімі Қуанышбек Ысқақовқа қатысты қылмыстық іс бойынша алғашқы тыңдалым өтеді. Бұл туралы Қызылорда қалалық №2 соты хабарлады. Сонымен қатар, экс- әкіммен бірге сот алдында кім жауап беретіні де белгілі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1870668-pajyzsyz-nesie-alyp-beremin-kyzylordada-trgyndardy-aldagan-alaak-staldy.html