RU

Министрлік: Коронавирус жұқтырған 333 адамның жағдайы нашар

дерт
Көрнекі фото: pexels.com

Денсаулық сақтау министрлігі коровирусқа қатысты соңғы мәліметтерді ұсындыдеп жазады KAZ.NUR.KZ порталы ведомствоның Telegram арнасына сілтеме жасап.

Министрлік мәліметінше, қазіргі уақытта коронавирус инфекциясынан 11 944 адам ем қабылдауды жалғастырып жатыр. Олардың арасында 53 өскіншек бала бар. Стационарларда 5 715 науқас, амбулаториялық жағдайда 6 229 адам емделуде.

"Жалпы науқастардың арасында 333 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 75 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 57 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр", - делінген хабарламада.

Елімізде өткен тәулікте коронавирус жұқтырған тағы 230 адам тіркелген. Осылайша, қазіргі уақытта Қазақстанда COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 104 543-ке жетіп отыр.

Айта кетейік, бұған дейін елімізде коронавирустың екінші толқынына дайындық қалай жүріп жатқаны белгілі болды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой баяндап берді.

17 тамыздан бастап Қазақстан аумағы бойынша карантин талаптары жеңілдетілді. Алайда демалыс күндері ел бойынша қатаң шектеулер жалғасын табады.

Осылайша, қалаларда қоғамдық көліктер, сауда және ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, жабық базарлар, сұлулық салондары, SPA, шаштараздар, фитнес орталықтар, моншалар және аттракциондар жұмыс істемейді.

Түзету бөлмелері мен оқу орталықтары да демалыс күндері жабық болатыны хабарланды. 65 жастан асқан қазақстандықтарға демалыс күндерін үйде өткізуге кеңес беріледі.

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1870693-ministrlik-koronavirus-zktyrgan-333-adamny-zagdajy-nasar.html