Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Каспий теңізі жағалауында өрт шықты

Опубликовано:

Каспий өрт1
Каспий жағалауындағы өрт. Фото: pricom.kz

Каспий теңізінің жағасында ірі өрт шықты. Қызыл жалын 20 шақырым қашықтықтан көрінді. Өрт сөндірушілер батпақты аймақтың кесірінен өртке жақындай алмады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Төтенше жағдай туралы және оқиға орнынан алынған кадрлар туралы "Прикаспийская коммуна" аймақтық басылымы бөлісті. Басылымның хабарлауынша, өрт кеше, 22 тамызда, түстен кейін басталған. От бірнеше шақырымға жылдам тарап, жалын ондаған шақырымнан көрінді. Өртке жақын орналасқан елді мекендердің тұрғындары өрт мен түтіннің иісіне қатысты шағым айтты.

Каспий өрт1
Каспий жағалауындағы өрт. Фото: azh.kz

Төтенше жағдайлар департаменті теңіз жағасындағы қамыс өртенді деп хабарлады. Өрт "Ақ Жайық" табиғи резерватына жетпеген. Жағдай жергілікті ландшафттың ерекшелігімен қиындады. Батпақты және өтуге болмайтын жер болғандықтан құтқарушылар өртке жақындай алмады, деп хабарлады ведомстводағылар.

Төтенше жағдайлар министрлігі өрттің қала үшін ешқандай қауіп төндірмейтінін айтты. Соған қарамастан, ведомство оны сөндіру мәселесін шешуге уәде берді.

Ақ Жайық жазған соңғы ақпаратқа сәйкес, Атыраудан 20 километр қашықтықта шыққан өрт бықсуға айналған. Мұның қашанға дейін жалғасатыны белгісіз.

Тілсіз жаудың шамамен 4 га аумақты қамтыған.

"Бүгін біздің қызметкерлер оқиға орнына барып, дронның көмегімен барлау жұмыстарын жүргізді. Қазір қамыс бықсып жатыр, үлкен өрт жоқ", – деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі.

Еске салсақ, бұған дейін Батыс Қазақстан облысында салынып жатқан екі қабатты жеке тұрғын үй өртеніп кеткені туралы жазған едік.

Оған қоса, 14 тамыз күні Алматыдағы "Қазақфильм" киностудиясында ірі өрт болды.

Полиция осы іс бойынша тергеудің басталғанын айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1870704-kaspij-teizi-zagalauynda-rt-sykty/

pixel