RU

Чемпиондар лигасының финалынан соң жанкүйерлер Парижді тас-талқан етті (видео)

футбол
Фото: twitter.com/goal

"Пари Сен-Жермен" клубының 2020 жылғы Чемпиондар лигасының финалындағы жеңілісі Парижде жаппай тәртіпсіздіктің өрбуіне себеп болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бірқатар ресейлік және шетелдік ақпарат құралдарының мәліметінше, ПСЖ-нің көптеген жанкүйерлері өздерінің сүйікті клубының жеңілісі туралы хабарды агрессивті қабылдаған.

Ресейлік 360.tv телеарнасы Telegram арнасында полиция қызметкерлердің басында футбол сүйер қауымның наразылығын байыппен қабылдағанын хабардар етті.

Алайда адамдар айналадағы көліктерді "талқандап", тәртіп сақшыларына от лақтыра бастаған сәтте жағдай өзгерген: тәртіпсіздік жағдайлары Франция астанасының көшелерінде тез басталып кеткен және әлі толық басыла қойған жоқ.

Футбол
Фото: twitter.com/goal

"Пари Сен-Жерменнің" жанкүйерлері автокөлік дүкендерінің терезелін сындырғаннан соң, құқық қорғау қызметкерлерімен ашық қақтығыстарға көшкен.

Арнайы мамандар өртті сөндіріп жатқанда, тәртіп сақшылары қаладағы жағдайды өз бақылауына алып, тәртіпсіздіктерді тоқтатуға әрекет етуде. Олар погромдардың агрессивті қатысушыларын жаппай қстап жатыр.

Еске сала кетсек, түнде Лиссабон қаласындағы стадионда мюнхендік "Бавария" мен париждік "ПСЖ" Чемпиондар лигасының финалында кездесті. Тартысты өткен матч 1:0 есебімен аяқталды. Ойындағы жалғыз голды Кинглси Коман соқты.

Осылайша, Бавария өз тарихында алтыншы рет аталған турнирдің жеңімпазы атанды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1870726-cempiondar-ligasyny-finalynan-so-zankjerler-parizdi-tas-talkan-etti-video.html