RU

"Шашынан сүйреп шығарған": Қалыңдығын тойдан қуған балуан желіде қызу талқыға түсті

Мадина Плиева
Фото: spletnik.ru

Әлеуметтік желіде ресейлік балуан Заурбек Сидаковтың қалыңдығын тойдан қуған сәті қызу талқыға түсуде деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы spletnik.ru сайтына сілтеме жасап.

Еркін күрестен әлем чемпионы, 24 жастағы Заурбек Сидаковтың тойында болған күтпеген жағдай көпшіліктің талқысына түсуде. Владикавказда болып жатқан тойда балуан қалыңдығын той үстінде қуып шыққан. Нәтижесінде спортшының 25 жастағы Мадина Плиевамен некесі қиылмай қалды.

Осы жылдың сәуірінде танысқан жас жұбайлар тойына 500 шақты қонақ шақырады. Тойды өткізуге балуан шамамен 45 млн теңге (8 млн рубль) жұмсаған.

Дүбірлі той осы жылдың тамыз айының басында өткенімен, ондағы жанжал туралы жақында ғана белгілі болды.

Айта кетсек, Заурбек Сидаков Токиодағы Олимпиадада Ресейдің намысын қорғауы тиіс болған. Алайда коронавирус пандемиясы салдарынан спорт додасы кейінге шегерілді. Бос уақытын құр өткізбеуді жөн санаған азамат сол арада үйленіп алуды ұйғарады.

Мадина Плиева
Фото: spletnik.ru

Жанжалдың басы кей меймандар мен жас жұбайлардың ата-анасына Мадинаның қатысуымен болған порнографиялық бейнероликтер хабарлама түрінде жолданған сәттен басталған.

Хабарламада қалыңдықтың "эскортпен" айналысатындығы және миллиардердің көңілдесі екендігі сөз етіледі. Мұндай хабарлама күйеу жігітті достары тойда қоршап алып, онымен лезгинка билеп жатқан сәтінде меймандардың ұялы телефонына келіп түскен.

Заурбек Сидаков пен Мадина Плиева
Фото: spletnik.ru

Көпшілік алдында қалыңдығының өзгемен көңілдес екенін білген спортшы болашақ жарын дәл той үстінде шашынан сүйрей жөнелген.

Содан кейін куәгерлердің айтуынша, жас жігіт еденде отырып алып, жылай бастағандықтан, оны достары тауға алып кетіп, біраз сабырға шақырыпты.

Сол арада қалыңдықтың әкесінің денсаулығы сыр беріп, жүрегі ауырған. Ал той үстінде масқара болған қалыңдық өзіне қол салмақ болыпты. Мадинаны дер кезінде емханаға жеткізгеннің арқасында құтқарып қалған. Жанжалдан кейін бойжеткен әлеуметтік желідегі барлық аккаунтын өшіріп тастапты. Ол бүгінде Мәскеуде тұрып жатыр.

Тойда қонақтарға кімнің хабарлама жібергені әзірге белгісіз. Кейбіреуі мұны Мадинамен кездесіп жүрген жігіттердің бірінің жары істеді деп топшылауда.

Десе де күйеу жігіттің достары Мадинаның бай отбасынан шыққанын алға тартып, оның эскортпен айналысқанына сенбеген.

Ал кейбірі Мадинаның көңілдесі 1,5 млрд доллар қаражатымен Forbes тізіміне енген 62 жастағы Сергей Кациев екенін айтуда. Спортшының өзі болса, бұл жағдайға байланысты ешқандай пікір білдірмеді.

Айта кетейік, бұған дейін отбасылық мерекеге тыйым салынғанына қарамастан Шымкентте той жасаған азаматтың жауапқа тартылғанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1870744-sasynan-sjrep-sygargan-kalydygyn-tojdan-kugan-baluan-zelide-kyzu-talkyga-tsti.html