RU

БҚО су қоймасында селфи түсіргісі келген жігіт суға батып, көз жұмды

Жігіт1
Көрнекі фото: piqsels.com

Батыс Қазақстан облысының Бөкей орда ауданында қайғылы оқиға орын алды. Мұнда бір жас жігіт жергілікті су қоймасында әдемі селфи түсіруге тырысып, ажал құшты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы БҚО төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

Қайғылы жағдай облыстық төтенше жағдайлар департаментінің хабарламасынан белгілі болды.

"23 тамыз кешкі сағат 17.00 шамасында жергілікті тұрғын Мұратсай су қоймасынан 19 жастағы баланың денесін шығарып алды. Жігіттің үстінде киімі бар. Сөйтсе, осыдан 30 минут бұрын жас жігіт суға тізесіне дейін кіріп, селфи түсіргісі келген. Сол уақытта ол шамамен 2-3 метр тереңдіктегі шұңқырға құлап, содан батып кеткен", – деді БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің офицері Әбілхат Әділбеков.

Құтқарушылар жыл басынан бері БҚО су қоймаларында 14 адам қайтыс болғанын, олардың жетеуі балалар екенін атап өтті. Көбіне кәмелетке толмағандарды ата-анасы қараусыз қалдырады. Батыс Қазақстандағы бес азамат алкогольдік масаң күйде суға батып кетіпті.

"Қауіпсіздіктің негізгі ережелерін сақтауларыңызды сұраймыз. Қоршау белгілерінің артында жүзбеңіздер, белгісіз жерлерде шомылмаңыздар, балаларды қараусыз қалдырмаңыздар. Бұл қиын жағдайдан аулақ болуға көмектеседі", – деді аймақтың құтқарушылары.

Еске салсақ, Алматы облысында ерекше сурет түсірмек болған жас жеткіншектердің ойы қайғылы оқиғамен аяқталды. Қауіпті жерде селфи жасағысы келген екі жасөспірім оқиға орнында көз жұмса, біреуін жедел түрде ауруханаға жеткізген. Балалардың үстіне бетон плитасы құлап кеткен.

Айта кету керек, Қызылорда қаласында 22 жастағы азамат Сырдария өзеніне суға батып кетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1870816-bko-su-kojmasynda-selfi-tsirgisi-kelgen-zigit-suga-batyp-kz-zmdy.html