Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Екі сағатта қиналып кеттім": Фариза Төреәлі тойына салмағы 20 келі көйлек киген

Опубликовано:

Фариза Төреәлі жолдасы Дархан Нортаевпен өз тойларында
Фото: Instagram/fariza_toreali

Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Төреғали Төреәлінің қарындасы үйлену тойына барынша жоғары деңгейде дайындалған. Фариза Төреәлі тіпті қалыңдық көйлегін арнайы өз тапсырысымен шетелдік дизайнерге тіктірткенін айтты. Оның салмағы 20 келі болып шыққан. Алайда, ол арманындағы көйлегінің ауырлығына қарамастан, оны той күні киіп жүрді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фариза Төреәлі дүркіреп өткен тойынан кейін енді ғана әлеуметтік желіге қолы жетіп, мерекелік шараның қызықтарымен бөлісуде. Бұл жолы Төреғалидің қарындасы өзінің қалыңдық көйлегі туралы бірқатар мәліметтерді айтып берді.

Белгілі болғандай, шетелдік дизайнер тіккен көйлегін қалыңдық бір ай бойы күткен. Алайда, карантин басталып кеткен соң, қос ғашықтың дүбірлі тойы да кейінге шегерілді.

Айта кетейік, әншінің қарындасы таңдаған көйлегінің салмағы 20 келі болып шықты.

Ол үйлену тойында арманындағы көйлекті кигенін айтып, оны өзіне сатып алып берген жолдасына алғысын білдірді.

"20 келі көйлекті киіп жүру оңай болмады. Менің арманымдағы той көйлегі үшін сүйіктіме алғысым шексіз. Шетелдік дизайнерлік той көйлегін 1 ай күттік, қыста тапсырыс беріп қойғанбыз. Үлкен тойханаға жоспарлап алған үлкен көйлегімді осы күні кию бұйырыпты.
Шыны керек, 2 сағат киіп қиналып кеттім, тойда қалай болар еді деп қоямын. Бірақ өміріңдегі ең маңызды күн үшін бұндай әдемі көйлекті кигенде бәрін ұмытып кетесің. Ұзын шлейф әдемі тастармен тігіліп көздің жауын алады. Барлық жері жабық, минимализм. Жалпы образым ойымнан шықты" , - деп жазды Фариза Төреәлі Instagram парақшасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1870818-2-sagatta-kinalyp-kettim-fariza-treli-tojyna-salmagy-20-keli-bolgan-kjlek-kigen/

pixel