Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Осы сәтті он жыл күттім": Тележүргізуші Аида Боранбай ата-анасына көлік тарту етті (видео)

Опубликовано:

Аида Боранбай ата-анасына сатып алып берген көлігімен
Фото: Instagram/aida_boranbay

Отандық танымал журналист Аида Боранбай өзінің туған күні қарсаңында ата-анасына естен кетпес тосын сый жасап қуантты. Бір айдан кейін отызға толатын тележүргізуші өзіне өмір сыйлаған жандарға су жаңа темір тұлпар сыйлады. Ақпарат өкілінің ата-анасы мұндайды мүлдем күтпеген болып шықты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Аида Боранбай өз туған күні алдында өміріндегі асқақ армандарының бірін орындады. Тележүргізуші 20 жасында болашақта ата-анасына көлік тарту етемін деп өзіне сөз берген. Нәтижесінде араға он жыл тастап, ол мақсатына жетті.

Белгілі журналист ата-анасына тосын сый жасап, су жаңа темір тұлпар табыстаған сәтімен Instagram парақшасында бөлісті. Оған қоса, ол жүрекжарды жазбасын жариялап, онда он жыл күткен сәті қалай өткенін егжейлі-тегжейлі түрде айтып берді.

Аида Боранбайдың әкесі мұндай сыйлыққа біразға дейін сене алмаған болса, анасы көз жасына ерік берді.

"Тура бір айдан соң бұйырса 30-ға толамын. Туған күнім қарсаңында әке-шешеме көлік сыйға тартамын деп, осыдан он жыл бұрын, 20 жасымда армандаған едім. Арман-тілегіме жеткізген Аллаға сансыз шүкір! Кеше ата-анама тосын сый жасап, сыйлығымызды тарту еттік. Ол кісілер жолдан келген бойы, аң-таң, мүлде күткен жоқ болатын.

Шок болды. Ең бастысы риза. Сол кісілердің қуанғанын көріп мен мәзбін. Әке-шешені қуанту деген неткен бақыт! Альхамдулиллах! Ата-анама деген алғысым шексіз! Бұл сый соның кішкентай ғана белгісі болсыншы дедім. Ол кісілер бұдан да керемет сый-сияпатқа лайық қой! Бұл тек бастамасы болсын! Ұл-қыздарыңыздың, күйеубалаларыңыз бен немерелеріңіздің рахатын көріңіздер, папа, мама.

Алла сіздерге разы болсын! Туған күнім қарсаңында үлкен арманым орындалды! Аллаға сансыз шүкір! Ата-анамның реакциясы осы видеода. Естелік болсын. Барлық арман-мақсатымды қолдап отыратын жан жолдасыма рахмет! Ол кісінің алтындай достарына да тосын сыйға атсалысқандары үшін рахмет! Жақсылықтың, қуаныштың бәрі алда бұйырса. Сол сіздермен қуанышыммен бөлісейін дегенім ғой, достарым. Сіздерге де ата-ананы қуантып, ақ батасын алуды, көп жақсылық жасауды нәсіп етсін Аллам" , - деп жазды тележүргізуші.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1870841-osy-stti-on-zyl-kttim-telezrgizusi-aida-boranbaj-ata-anasyna-klik-tartu-etti-video/

pixel