Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Каспий теңізіндегі құйын желідегілерді таңғалдырды (фото)

Опубликовано:

Каспийдегі бұлттар1
Фото: Қазгидромет

Әлеуметтік желі қолданушылары Ақтауда Каспий теңізінде сирек кездесетін құбылысты фотоға түсіріп алған. Мұндай құбылыс 2011 жылдың қазан айында Қашаған кен орны ауданында байқалған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Қазгидромет РМК-ның" Telegram арнасына сілтеме жасап.

Мамандардың мәліметінше, Каспий теңізінде байқалған құбылыс-су құйыны.

Әдетте су құйыны тропикалық ендіктерде, қоңыржай жерлерде өте сирек пайда болады.

Құйынды қалыптастыру үшін екі жағдай қажет екен. Біріншіден теңіздегі су жылы болуы керек, ал бұлттағы ауа суық болуы керек.

"Температураның өзгеруіне байланысты атмосфераның жоғарғы және төменгі қабаттарындағы қысым айырмашылығы болады. Мұның себебі бұлттағы қозғалыстармен байланысты өте күшті жоғары және төмен ағындардың өзара әрекеттесуі нәтижесінде жақсы дамыған будақ-жаңбырлы бұлттың астында ыстық ауа райында пайда болған қатты құйын болды. Құйын ортасында өте төмен қысым байқалады, нәтижесінде ол суды көтере алады", - дейді мамандар.

Қазгидрометтің мәліметінше, құйынды болжау қиын құбылыс. Себебі оның мониторингі станциялар мен бекеттер желісінің визуалды бақылау жүйесіне негізделеді. Бұл тек құйын қозғалысының азимутын анықтауға мүмкіндік береді екен.

Еске сала кетейік, бұған дейін желі қолданушылары Қарағанды облысында бірнеше шақырымға созылған ерекше бұлтты видеоға түсіріп алған еді.

Қазгидромет мамандарының айтуынша, мұндай құбылыс "орам бұлттар" (volutus) деп аталады.

Сонымен қатар Алматыда өзендегі суда сабынды көпіршіктердің пайда болғаны жайлы да жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1870923-kaspij-teizindegi-kjyn-zelidegilerdi-tagaldyrdy-foto/

pixel