Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандықтар қаражатын қай банктерде сақтағанды жөн санайды

Опубликовано:

Депозит
Көрнекі фото: fingazeta.ru

Коронавирус пандемиясы мен дағдарысқа қарамастан, қазақстандықтардың банктердегі депозит мөлшері 13 пайызға артқан. Ел тұрғындары қай банкте қанша қаражат сақтап отырғанын Нурфин материалынан біліңіз.

Қазақстандықтардың дені қаражатын депозитте түрлі шарттармен сақтағанды жөн санайды. Нақтырақ айтсақ, қаражатты шоттан алуға не толтыруға мүмкіндік беретін немесе мүмкіндік бермейтін депозит түрлері.

Сонымен қатар валюта түріне қарай ұлттық банкнотамен немесе шетел валютасымен сақтайтындар бар. Мәселен, доллармен ашылған депозиттің жылдық пайыздық мөлшерлемесі 1 пайыз болса, ағымдағы жылдың қыркүйегінде ашылған теңгелік депозиттің мөлшерлемесі - 9%.

"Жеке тұлғалармен 27 банкте ашылған депозиттерде 2020 жылдың екінші тоқсаны аяғында 9,85 триллион теңге болған", - деп жазады Finprom.kz мониторингтік агенттігі.

Салым мөлшерінің өсімі соңғы бірнеше жылда рекодтық деңгейге жеткен - 13,5%. Бір жыл бұрын 2019 жылдың маусымы аяғында Қазақстан банктерінің жеке салымдарында 8,69 триллион теңге болған. Ол кезде 2018 жылмен салыстырғанда өсім 2,5%-ды құраған.

Қай банктерде ең жоғары өсім байқалуда?

Жеке депозиттердің үштен бір бөлігі дерлік Халық банкте сақталған – 3,39 триллион теңге. Өсім 7,2%-ды құрады. Екінші орында Kaspi Bank – 1,7 триллиона теңге, өткен жылмен салыстырғандағы өсім - 30%.

Ал заңды тұлғалардың банк салымы бойынша көшті Банк Хоум Кредит бастады. Жылдық өсім 55%. Бүгінде оның салым мөлшері 105,7 миллиард теңгені құрайды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 37 жарым миллиардқа көп сома.

Екінші орынды исламдық Заман-Банк иеленді. Оның депозит көлемі 51,6%-ға, нақты айтқанда 20 миллионнан 30 миллион теңгеге өсті. Үшінші орын КЗИ Банкінде. Ондағы салым өсімі - 50,8%.

Ағымдағы жылдың соңында заңды тұлғалардың салымы барлығы 9 миллард теңгені құрады. Өткен жылы 5,9 миллиард теңге болған. Депозит өсімі тағы 16 банкте байқалуда.

Ал депозиттегі салым өсімі түсіп кеткен сегіз банктің көшін Capital Bank Kazakhstan бастады – минус 59,5%. Екінші орынға Tengri Bank, ал үшінші орынға Қытай сауда-өндірістік банкі жайғасқан.

Айта кетсек, бұған дейін елімізде қанша адамға 21 250 теңге берілетіні белгілі болғанын жазған едік. Сонымен қатар жан басына шаққандағы күнкөріс шегі қалай өзгергенін сөз еткен болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1870977-kazaktandyktar-karazatyn-kaj-bankterde-saktagandy-zn-sanajdy/

pixel