Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Не себепті жапониялық ерлі-зайыптылардың дені төсекте бөлек жатқанды жөн көреді

Опубликовано:

Жапондықтар
Көрнекі фото: Pixabuy

Жапонияда ерлі-зайыптылардің дені төсекте бірге жатқанды бұрыс санайды. Олардың мұндай тоқтамға келуіне бірнеше себеп бар. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ порталы ofigenno.com сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

126 млн халқы бар Жапонияның тұрғындары жер тапшылығына қарамастан, үйінде жеке-жеке төсек орны болғанына ерекше мән береді.

Көптеген жапондық ерлі-зайыптылар үшін отбасылық өмірде төсекте бөлек жатқан қалыпты жағдай болып саналады. Оған бірнеше себеп бар:

Ерлі-зайыптылар
Көрнекі фото: Pixabuy

Біріншіден, жас жұбайлар некесі қиылғаннан кейін көп ұзамай бір-біріне серік ретінде емес, жақыны ретінде қарай бастайды екен. Махаббат ешқайда жоғалмаса да, бір-біріне және бір-бірінің жеке аймағына деген құрмет пен сыйластық алға басатын көрінеді.

Жапондықтар
Фото: Pixabuy

Оның үстіне еңбекқорлығымен танымал жапондық ерлі-зайыптылардың жұмыс уақыты әртүрлі болып жатуы сирек емес. Сол себепті, жұмысқа ерте тұра алуы үшін олар бір-бірлеріне қорылымен немесе өзге де ұсақ-түйек мәселелермен кедергі келтірмегенді жөн санайды.

Жапондықтар
Фото: Pixabuy

Екіншіден, жапониялық қыз-келіншектердің дені баласын қасына алып жатып ұйықтаған дұрыс деп біледі екен. Осы орайда отағасы олардың төсегін тарылтпай, бөлек төсекте ұйықтауды ұйғарып жатады.

Зерттеушілер де баланы анасының түнде қойнына алып жатуының пайдасы зор екенін алға тартуда.

Еске салсақ, бұған дейін 8 cағаттан артық ұйқының соңы неге апаратынын әрі дені сау адам неше сағат ұйықтау қажеттігін жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1870990-ne-sebepti-zaponialyk-erli-zajyptylardy-deni-tsekte-blek-zatkandy-zn-kredi/

pixel