RU

Сауд Арабиясында қалыңдық күйеу жігітінен КВИ-ге тест тапсыруды талап етті

Той1
Көрнекі фото: piqsels.com

Сауд Арабиясындағы қалыңдық үйлену күнінде болашақ күйеуінен ауру жұқтырудан қорқып, коронавирусқа арналған тест нәтижесін көрсетуді талап етті деп хабарлайды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы РИА Новости-ге сілтеме жасап.

Басылымның мәліметі бойынша қалыңдықтың туыстарының бірі коронавирус жұқтырғаннан кейін асқынудан қайтыс болғаннан кейін ару ауру жұқтырудан қорқып, отбасынан бұл бұйымтайы жайлы болашақ жарына айтуды сұрапты. Ақырында күйеу жігіт оның талаптарын орындаған-орындамағаны туралы басылым ақпарат бермеді, бірақ үйлену тойы өтті.

Парсы шығанағындағы мұсылман елдерінде неке құрғысы келетін ерлі-зайыптыларға медициналық тексерулер жүргізу ғұрпы кең тараған. Сауд Арабиясындағы кейбір дәрігерлер коронавирус тестті аталған тексеруге қосуды дұрыс деп санайды, өйткені оны ақысыз жүргізуге болады және бұл тестті жеткізу көп уақыт пен күш талап етпейді.

Соңғы екі айда патшалықта тәулігіне 1,5-2 мың адамға жуық коронавирус жұқтыру оқиғаларының тұрақты өсуі байқалуда. Сауд Арабиясында пандемия басталғалы бері 308,5 мыңнан астам дерек анықталып, 282 888 адам емделіп шықты, сондай-ақ, қайтыс болғандар саны 4 мыңға жетті.

Сондай-ақ, Өзбекстанда той-думан, мерекелік кештер өткізетін ивент-агенттіктердің ісі алға баспай тұр. Соңғы бес айда бір ғана Ташкенттің өзінде 350 ивент-агенттіктің тең жартысы жабылып қалды.

Айта кету керек, қазақстандық шоу-бизнес өкілдері карантин режимі жеңілдегеннен кейін бірден өз жұмысына кірісіп кетті. Алты ай бойы табыссыз қалған өнер иелері бүгінде тойларға шығып, өнер көрсетуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1871007-saud-arabiasynda-kalydyk-kjeu-zigitinen-kvi-ge-test-tapsyrudy-talap-etti.html