RU

Қарағандыда ер адам қызғаныштан өз әйелін өлтіріп, күйзеліске түскен

Көрнекі фото
Көрнекі фото: pexels.com

Қарағандыда жергілікті тұрғын отбасылық жанжал кезінде өз әйелін өлтіріп алып, қатты күйзеліске түскен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Қазір ер адам жазасын АК-159/7 түзеу мекемесінде өтеп жатыр. Онда айыпталушыны Қарағанды облыстық қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық мамандандырылған соты жіберген.

Ол болған жағдайды әр күн сайын есіне алып, әйелінің өлімі үшін өзін кешіре алмауда.

Бұның барлығы қызғаныштан басталыпты. Ер адам әйелі алдап жүр деп күдіктенген. Сол күні жағдайға көзі жетпей, әйелінің сөздеріне құлақ аспай және ажырасуға өтініш бермей сүйітісін ұра берген. Дәрігерлер әйелді құтқара алмады.

"Колонияға келгенде қатты қайғырдым. Мені абақтыға қамалғаным емес, психологиялық портретім мазалады. Мен кісі өлтіруші атандым. Қызғаныштан өз әйелімді жазым еттім.

"Егер бәрі қайтып келсе, мез өз сезімімді тежеп, одан алшаққа кетер едім. Сол сәтте өзімді ұстай алмадым", - деді аты жөнін айтпауды өтінген айыпталушы.

Ер адам бүл күйзелістен өздігінен шыға алмайтынын түсініп, психологқа жүгінген.

"Жұмыс барысында кенеттен оның маған кім екенін, неге соншама азап шегіп жатқанымды түсіндім. Мен бәрін жоғалттым деп ойладым, өйткені мен ең қымбат жаннан айырылдым. Бірақ менде осы трагедиядан кейін есімнен шығып кеткен отбасым бар емес пе. Өйткені, олар мені күтеді, үнемі келіп тұрады, жанашырлық танытады. Бұл жағдайда менен кем қайғырмайтын туыстарым туралы ұмытып кетіппін. Анам мен әпкем мені қатты жақсы көреді. Енді не үшін өмір сүру керек екенін түсіндім", - дейді сотталушы.

Еске сала кетейік, бұған дейін Сарыағашта тұрмыстағы келіншекпен көңіл қосқан жігіттің өлім құшқанын жазғанбыз.

Түркістан облысының тұрғыны Болат Баймұрзаев жергілікті тәртіп сақшыларының жұмысына көңілі толмайтынын мәлімдеді. Оның сөзінше, 27 жастағы інісі Әуезханды көз алдында өлімші етіп сабаған қылмыскерлер әлі күнге жазасын алмаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1871022-karagandy-er-adam-kyzganystan-z-jelin-ltirip-kjzeliske-tsken.html