Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

67 жастағы әжей 20 жасар жігіттермен төсек қатынасына түсетінін айтып мақтанды

Опубликовано:

Кейуана
Фото: CHANNEL 4

Ұлыбританияда 67 жастағы зейнеткер күніне сегіз шақты жас жігітпен төсекте көңіл көтеретінін айтып мақтанды деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы dailystar.co.uk сайтына сілтеме жасап.

Шивон есімді кейуананың айтуынша, ол 20 жастағы жігіттермен күніне кемінде үш-төрт рет төсек қатынасына түседі екен. Зейнеткер күндіз флорист болып жұмыс істейтінін айтуда.

Ал түнде жеңіл жүріске салынған әжей тіпті жігіттермен көңіл көтеретін бөлмесін де еш қымсынбастан көпшілік назарына ұсынды.

Ол осылайша өзін бақытты сезінетінін алға тартты. Channel 4 телеарнасының деректі фильмінде басты кейіпкерлердің біріне айналған Шивон басында 20 жастағы жігіттердің оған қызығушылық білдіре қоятынына еш сенбегенін айтады. Десе де кейін жас жігіттердің оған құштарлығы барын түсініп, бұл жағдайды ол өз ермегіне айналдырған.

Кейуана
Фото: CHANNEL 4

Кейуана жалғыз ер адамды шынайы сүйіп қалып, тек сонымен төсек қатынасына түсуі әбден мүмкін екендігін жасырмады. Дегенмен бірнеше жігітпен бір уақытта ләззат алғанды ұнататын зейнеткер мұндай қатынасты ішпыстырарлық санайды екен.

Белгілі болғандай, кейуана 17 жасында сексуалдық зорлыққа тап болғаннан кейін 57 жасқа дейін жыныстық қатынастан мүлде бас тартқан көрінеді. Алайда бүгінде ол төсек қатынасынсыз өмірін еш елестете алмайтынын жасырмайды.

Еске салсақ, бұған дейін жыныстық қатынасқа деген тәуелділіктен қалай құтылуға болатыны туралы және төсектегі ойында не істеуге болмайтыны туралы жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1871158-67-zastagy-zej-20-zasar-zigittermen-tsek-katynasyna-tsetinin-ajtyp-maktandy/

pixel