RU

Мамандар телефонда қандай смс сақтауға болмайтынын ескертті

Ұялы телефон
Көрнекі фото: pixabay.com

Телефонда құпия және жеке мәлімет бар хабарламаларды, құпиясөздер мен банктерден келетін хабарларды сақтауға болмайды. Бұл туралы "Синергия" университеті IT институтының директоры мәлімдеді деп жазады KAZ.NUR.KZ Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Жеке мәліметтерді қорғау үшін оларды дер кезінде жойып отыру керек екені айтылды.

Сарапшы алаяқтар, әсіресе, жеке кабинетке кіруге арналған бір реттік сілтемені қолданатынын жеткізді. Олар әдетте смс арқылы жіберіледі.

Бұдан бөлек, маман құпия сөз бар хабарламаларды жою керектігін ескертті. 

Қосымша қорғаныс ретінде телефонға қиын құпиясөз қойып, қолдың ізі немесе Face ID-мен қорғау ұсынылды.

Айта кетейік, осыған дейін ресейлік сарапшылар телефон жұмысын жақсарту үшін қандай қосымшаларды жою керек екенін айтқан еді.

Мамандардың сөзінше, қажет емес әрі көп орын алатын қосымшаларды жою телефон жұмысын жақсартуға көмектеседі. Сонымен қатар, жұмыс үстеліндегі сағат, ауа райы, жаңалықтар да құрылғы жұмысын бәсеңдетені анықталды. 

"Әсіресе, ескі смартфондар баяу жұмыс істейді. Бұл iOS құрылғыларына да, Android-қа да қатысты. Сонымен қатар, Android Go операциялық жүйесі орнатылған заманауи, бірақ арзан телефондардың жұмысы баяу болады", - деді олар.

Көрші елдің сарапшылары ескі, арзан телефон жылдам жұмыс істеуі үшін екі жол ұсынды:

  • Біріншісі - жүйе баптауын өзгерту.
  • Екіншісі - керек емес қосымшаларды жою немесе барынша аз орын алатын баламасын жүктеу.

Ал Плеханов атындағы Ресей экономика университетінің информатика кафедрасының доценті Александр Тимофеев ұялы телефонның экранын төмен қаратып қойса, оның қызмет ету мерзімі ұзаратынын мәлім еткен болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1871202-mamandar-telefonda-kandaj-sms-saktauga-bolmajtynyn-eskertti.html