RU

Өзбекстанда ер адам әйелін сұлулығы үшін өртеп жібермек болды

жанұя
Көрнекі фото: pexels.com

Өзбекстанның Самарқанд қаласында ер адам әйелін әдемі болғаны үшін үстіне бензин шашып, өртеп жібермек болған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы STV телеарнасына сілтеме жасап.

Сот алдына келген 36 жастағы ер адам кінәсін толық мойындаған. Ол әйелінің үстіне бензин құйып, өртемек болғанын айтқан.

Ал бұндай әрекетке бару себебін, әйелінің сұлу әрі тартымды келбетімен байланыстырған.

"Мен оның сұлулығына өзге ер адамдардың қарағанын қаламаймын", – деген сот отырысында айыпталушы.

Ер адамның сөзінше, қазір оған ешкім қарамайды.

Сонымен қатар, ол бірге тұрған жұбайлық өмірлерінде әйелінің тарапынан қандай да бір опасыздық әрекет болмағанын айтқан. Дегенмен айыпталушыны әйелінің тым сұлу екенін, оған барлығы қарайтыны жайлы қорқыныш ой жібермеген.

Болған оқиғадан кейін жәбірленуші бір айдан астам уақыт ауруханада ес-түссіз жатқан. Денесінің 25 пайызын күйік шалған әйел адамның бүгінде оң қолы мен бетінде денесінің әр жерінде тыртықтар қалған.

Сот алдында күйеуіне қарсы жауап берген келіншек өзінің кінәсыз екенін және әділ жаза тағайындауын сұраған.

Сот Өзбекстанның Қылмыстық кодексінің 104 бабына сәйкес ("Қасақана ауыр дене жарақатын салу") айыпталуыш ер адамды кінәлі деп танып, алты жылға бас бостандығынан айырған.

Еске сала кетсек, бұған дейін Оралда ер адам бұрынғы әйелі мен қызын тірідей өртемек болғанын жазған едік.

Сонымен қатар БҚО-да бұрынғы жұбайы мен екі қызын тірідей өртеген азаматтың өмір бойына бас бостандығынан айырылған хабарлаған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1871214-zbekstanda-er-adam-jelin-slulygy-sin-rtep-zibermek-boldy.html