Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Депутаттар коронавируспен ауырған алматылықтарға 50 мың теңгеден беруді ұсынды

Опубликовано:

Коронавирус бетперде
Көрнекі фото: NUR.KZ

Алматы мәслихаты коронавирус инфекциясымен ауырып шыққан қала тұрғындарына 50 мың теңгеден беруді ұсынды. Көмек азаматтардың жекелеген санаттарына көрсетіледі, сонымен қатар мұқтаж адамдарға 10 мың теңгеге азық-түлік себеті берілуі мүмкін. Мұндай құжат "Ашық НҚА" порталында пайда болды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Құжат 10 қыркүйекке дейін қоғамдық ашық талқылауға жіберілді. Көмек Алматы қаласында тіркелген және қазір оңтүстік астанада тұратын, коронавируспен немесе пневмониямен ауырып шыққан адамдарға берілуі мүмкін.

50 мың теңгені құрайтын бір реттік көмек алушылар тізімін әр айдың бесіне дейін қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы ұсынып отырады.

Сондай-ақ, алматылықтарға сауда желілері арқылы азық-түлік өнімдері таратылуы да ықтимал. Оған бөлінген сома адам басына 10 мың теңгені құрайды. Бұл көмекке зәру азаматтар туралы ақпаратты әр айдың бесіне дейін "Азаматтарға арналған үкімет" корпорациясы ұсынуы тиіс.

Азық-түлікпен тек азаматтардың жекелеген санаттары ғана қамтамасыз етіледі. Олар көмекті әр айдың он бесіне дейін алады.

Ал көмек алатын алматылықтар тізіміне ҰОС ардагерлері мен мүгедектері, ҰОС кезінде тылдағы еңбегі мен қызметі үшін бұрынғы КСРО ордендерімен және медальдарымен марапатталған адамдар және жай ғана тыл қызметкерлері енеді.

Сондай-ақ, жасы бойынша ең төменгі зейнетақы алатын зейнеткерлер, мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасылар, 1, 2, 3 топтағы мүмкіндігі шектеулері жандардың өздері, сондай-ақ асыраушысынан айырылуына байланысты жәрдемақы алатын отбасылардың да азық-түлік алуға мүмкіндігі бар.

Жалғызбасты зейнеткерлер мен АӘК алушылар, аз қамтылған жанұялар да назардан тыс қалмайды. Азамат бірнеше санатқа жатса да, тек бір санат арқылы ғана көмек ала алады.

Айта кетейік, өткен тәулікте Қазақстанда 173 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды.

Сондай-ақ өткен тәулікте жеті адам коронавирус белгілері бар пневмониядан қайтыс болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1871215-deputattar-koronaviruspen-auyrgan-almatylyktarga-50-my-tegeden-berudi-syndy/

pixel