Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жаман көзімен қарады": Енесіне еркелеген Назгүл Қарабалинаға ел тамсанды (видео)

Опубликовано:

Назгүл Қарабалина енесіне еркелеп жатыр
Фото: Instagram/azamatc

Отандық танымал актер Азамат Сатыбалды Instagram желісінде аса ерекше отбасылық видеосын жариялап, ел жүрегін елжіретті. Бейнежазбада оның жары Назгүл Қарабалина енесіне еркелеп отырған сәті көрініс тапты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жанұясының суреттерімен өте сирек бөлісетін Азамат Сатыбалды бұл жолы оқырмандарын аса әсерлі видеомен қуантты. Онда актер ата-анасы мен жарымен дастархан басында шай ішіп отырғанын көруге болады.

Бейнежазбада өнер иесінің анасы басынан өткен оқиғасымен бөлісіп отырып, келіні Назгүл Қарабалинаны еркелетеді. Енесін қайта-қайта құшақтаған актриса жолдасына шағымданып шыққан. Ол екінші анасына күйеуі өзіне жаман көздерімен қарап жатқанын айтты.

Желі қолданушылары енесі мен келінінің арақатынасына сүйсініп, оларға деген жылы лебізін жарыса білдіріп жатыр.

"Қайта-қайта қарадым. Қарасаң көзің тоймайды" , "Назгүл ханымды ерекше құрметтеймін. Керемет әйел. Бақытты болыңыздар" , "Қандай күшті. Назгүл мамаңды қалай жақсы көреді! Тура қызы секілді. Азаматжан,әкешіңнің иманы саламат болсын", "Келінін туған қызындай көретін аналардан айналдым" , "Назгүл ханым сұхбат бергенде ата енесін аузынан тастамады бір көргенімде", "Әйеліңіз қандай керемет жан Азамат аға бақыты шығарсыз сізге деген махаббат көрініп тұр көзінен" , - деп жазды олар.

Айта кету керек, аталмыш видео бұдан ертерек уақытта түсірілсе керек. Оған бейнежазбада Азамат Сатыбалдының әкесінің бой көрсетуі дәлел болмақ.

Еске сала кетейік, 29 маусым күні Азамат Сатыбалдының әкесі өмірден өтті. Ақсақал 91 жасына қараған шағында өмірден озды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1871221-zaman-kzimen-karady-enesine-erkelegen-nazgl-karabalinaga-el-tamsandy-video/

pixel