RU

"Астана" футбол клубының бас бапкері қызметінен кетті

бапкер
Фото: "Астана" футбол клубының баспасөз қызметі

"Астана" футбол клубының бас бапкері Михал Билек өз қызметінен кетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Клуб басшылығы команда бас бапкері Михал Билекпен келісімшартты бұзғанын мәлім еткен.

"Астана" футбол клубы чехиялық маманға оның жұмысы үшін алғыс айтып, алдағы мансабына, соның ішінде Қазақстан ұлттық құрамасындағы жұмысына табыс тілейді", - делінген хабарламада.

Чехиялық маманның баптауымен елордалық ұжым өткен аптада Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінде беларусьтік "Динамоға" 6:3 есебімен ұтылды.

Сонымен қатар, 25 тамыздағы ел біріншілігінің кезекті турында "Астана" қостанайлық "Тобылға" есе жіберді.

Енді бас бапкердің міндетін "Питерборо" (Англия), "Вентспил", "Рига", "Сконто" (барлығы -Латвия), "Ростов" (Ресей), "Саншайнз" (Нигерия) клубтарында бапкерлік қызмет атқарған, тәжірибесі мол маман Пол Эшуорт атқарады.

Клубтың баспасөз қызметі Эшуорттың "PRO" санатындағы бапкерлік категориясы бар екенін жария етті. Оның басшылығында командалар УЕФА турнирлері аясында 30-ға жуық ойын өткізген.

Еске сала кетсек, осыған дейін қазақстандық төрешілерді не себепті Баку қаласына кіргізбей қойғанын жазған болатынбыз.

Сонымен қатар, әйгілі футбол жұлдызы, бұрынғы "Барселона" клубы мен Бразилия құрамасының ойыншысы Роналдиньоның үй қамақтан босатылғанын да хабарлаған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1871278-astana-futbol-klubyny-bas-bapkeri-kyzmetine-ketti.html