Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сағынтаев: Жақсылықпен түсінбесе су мен жарықты өшіреміз

Опубликовано:

Бақытжан Сағынтаев
Бақытжан Сағынтаев. Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев карантин шараларын жүйелі түрде бұзатын нысандардың қалай жазаланатынын айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ Алматы телеарнасына сілтеме жасап.

"Бүгінге дейін 5000 астам тексеру жүргізілді. Жеке және заңды тұлғаларға қатысты 400 айыппұл салынды. Әкімдік, СЭҚ, полиция және "Нұр Отан" партиясы тарапынан да тексеру жүргізіледі. Әрбір клубты бақылау мүмкін емес, бірақ жұмыс жалғасуда.

Егер барлық нормаларды қатты бұзса, онда тиісті қызметтер жарық пен су беруді өшіріп, осылай жазалаймыз. Егер жақсылықпен түсінбесе біз осындай қадамдарға баруға мәжбүрміз", - деді Бақытжан Сағынтаев.

Әкімнің сөзінше, карантин шаралары жеңілдетілгеннен кейін жарты миллиондай адам жұмыстарына оралған.

Еске сала кетсек, премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен ведомствоаралық комиссия отырысында нысандардың қызметін жеңілдету мақұлданды.

Жиында денсаулық сақтау министрлігі шектеу шаралары ел бойынша COVID-19 инфекциясын 10 есеге, жедел жәрдемді шақыру санын 4,2 есеге, ауруханада жатқандардың санын 80%-ға төмендетуге мүмкіндік бергенін, ал мобильді бригадалар саны 7,6 есеге артқанын хабарлады.

Айта кетсек, 5 шілдеде қабылданған қатаңдатылған карантин шаралары 17 тамыздан бастап жеңілдетіле бастаған болатын. Осыған байланысты бірнеше нысандар қайтадан жұмыстарын бастады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1871290-sagyntaev-zaksylykpen-tsinbese-su-men-zarykty-siremiz/

pixel