Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырауда садақа жәшігін ұрлаған жігіт ұятқа қалды (видео)

Опубликовано:

Фото
Фото: Видеодан кадр

Атырауда дүкенге қайырымдылық үшін қойылған ақша салатын жәшікті ұрлаудың екі фактісі тіркелді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Ақ жайық басылымына сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, күдікті екі рет көзге түскен. Алғаш 14 тамызда ол Достық көшесіндегі "Альберт" дүкенінде орнатылған жәшіктен ақша алған болса, екінші рет 16 тамызда Сырым Датұлы көшесіндегі "Серікжан" дүкенінде дәл осындай әрекетті қайталаған.

Екеуінде де ол ішкі бейнебақылау камераларына түсіп қалған.

Қазіргі кезде күдіктінің қолға түскені хабарланды. Ол Геолог ықшамауданының 21 жастағы тұрғыны. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Шымкент қаласының полиция департаменті мешіттегі садақа жәшігінен ақша ұрлаған 26 жастағы ер азаматтың қолға түскенін хабарлаған еді.

Сонымен қатар, осыған ұқсас жағдай өткен жылдың маусым айында еліміздің тағы бір өңірінде орын алды.

Ақтөбе қаласындағы мешіттегі ұрлық Рамазан айында Қадір түнінен кейін болған. Оқиға Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Қараой ауылындағы мешітте тіркелді.

Ал 2018 жылы Көкшетауда құрбан айт қарсаңында ер адам мешіттен садақа жəшігін ұрлап кеткен.

ІІД баспасөз қызметінің мәліметі бойынша оқиға Жасыл ауылында орын алған. Бурабай аудандық ІІБ кезекшілік бөліміне дін өкілі хабарласып, ауыл мешітіндегі садақа жәшігі қолды болғанын мәлімдеген. Анықталғандай, белгісіз біреулер мешіт терезесінен кіріп, 10 мың теңге көлемінде ақша салынған жəшікті ұрлап кеткенін айтқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1871355-atyrau-kalasynda-sadaka-zsiginen-aksa-rlagan-zigit-atka-kaldy-video/

pixel