Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда бұрынғы прокуратура мен банк қызметкері аяусыз қыз зорлағаны үшін күдіктелуде

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: pexels.com

Алматыда бұрынғы прокуратура қызметкері мен бұрынғы банк қызметкері бірлесіп қыз зорлағаны үшін күдіктелуде. Бұл туралы Қазақстан баспасөз клубында өткен онлайн жиында белгілі болды. Баспасөз мәслихатында қоғам қайраткерлері мен заңгерлер еліміздегі әйелдер қауымының сексуалды зорлыққа жиі ұшырайтынын айтып, дабыл қағуда деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Алматы қалалық адвокаттар коллегиясының мүшесі, адвокат Жанна Уразбахованың айтуынша, жантүршігерлік зорлау оқиғасы 2019 жылдың 8 қарашасына қараған түні болған.

"Алматылық бойжеткен еліміздегі екінші деңгейлі банк топ-менеджерімен бұрыннан таныс болған. Алайда, біраз уақыт араласпай кеткен олар қайтадан хабар алысып, қыз бен жігіт ретінде кездесіп жүреді. Олар бұрыннан таныс әрі жақсы қарым-қатынаста болғандықтан, бойжеткен менеджерге риясыз сенеді. Сондай күндердің бірінде жігіт қызды үйіне шақырады да, ол еш алаңсыз жігітінің үйіне келген.
Өкінішке қарай, бойжеткен өзін не күтіп тұрғанынан мүлде бейхабар еді. Жігіт үйіне өзінің досын шақырып, таңға дейін бойжеткенді аяусыз зорлаған. Ал топтық зорлауға қатысқан тағы бір күдікті Алматыдағы Бостандық ауданының прокуратурасында қызмет атқарған. Осылайша, олар таңға дейін қызға ойына келгенін істейді. Экспертиза қыздың денесіндегі жарақат белгілерін растады. Содан бері сегіз ай өтті. Бойжеткен кінәлілерді жазалай алмай келеді", - дейді адвокат.
фото
Фото: NUR.KZ

Бүгінде бойжеткеннің психологиялық жағдайы өте ауыр. Ол сегіз айдан бері мамандардың бақылауында. Ойын бөлу үшін жұмысқа қосылса да, зорлыққа ұшыраған қыз өміріндегі ең қорқынышты түнді ұмыта алар емес.

"Сол кезде мен өзімді өліп қалатын шығармын деп ойладым. Екінші зорлықшы прокурор менің колготиімді мойныма байлап тастады. Олардың айуандық әрекеттерін сөзбен жеткізе алмаймын. Ойымда тек тірі қаламын ба деген сұрақтар болды", - дейді жәбірленуші.

Зорлық көрген бойжеткеннің адвокаттары бұл іс барысында көптеген кедергілер тап болғанын жасырмайды. Олар полиция мен құзырлы органдар тарапынан тосқауылдарға жиі ұшырағанын айтады. Адвокаттардың айтуынша, мұндай кедергілерге зорлаған азаматтардың бірі бұрынғы прокуратура қызметкері болғаны себеп.

Фото
Жәбірленуші, фото: NUR.KZ

Адвокаттың айытуынша, бүгінде іс сотта екі бап бойынша қаралуда. Біріншісі топ болып зорлау және адамдар тобымен жасалған сексуалдық сипаттағы зорлық әрекеттері.

"Топталып қыз зорлау бойынша қылмыстық іс материалдары түгелдей дәлелденгеніне қарамастан, біздің құқық қорғау органдарына сеніміміз аз. Бойжеткен полицияға хабарласқаннан бастап түрлі кедергілерге тап болуда. Оған психологиялық тұрғыдан қысым көрсетіп, арыз қайтарып алуды талап еткен. Істі жауып тастау үшін ақша да ұсынған. Күдіктілердің туыстары да қыздың үйіне келіп, оны қорқытып-үркіткен. Әлеуметтік желі арқылы қыз жайында жағымсыз ақпараттар таратады. Мұның бәрі қыздың психотерапевт бақылауына жүгінуіне себеп болды", - дейді адвокат Жанна Уразбахова.

Бүгінде банк қызметкерінің зорлық кезінде нақты қай банкте жұмыс істегені белгісіз. Ал прокурор Бостандық және Әуезов аудандарының және Алматы қаласының прокуратурасында қызмет еткен.

Адвокаттар жәбірленушінің журналистермен кездесуге әлі дайын еместігін айтады.

Ал қалалық соттың баспасөз қызметі істің Бостандық аудандық №2 қылмыстық сотына түскенін растады. Процесс жабық режимде өтетін болады.

Еске сала кетсек, Түркістан облысында өткен жылдың желтоқсан айында 20 жастағы бойжеткенді таңертең оқуға бара жатқан жерінде, төрт жігіт көлікке басып салып, алып кетеді.

Қызды көндіру үшін Шымкенттегі туыстарының үйіне алып барып, болашақ "күйеу жігіт" жәбірленушінің дәрменсіз күйін пайдаланып күш қолданған.

Сот төрағасы жігіттің бойжеткенді зорланғаны дәлелденгенін жеткізді. Сот үкімімен үш жігітке жеті жыл, қызды зорлаған ер адамға сегіз жыл түрмеде отыру жазасын берілді.

Айта кетсек, осыған дейін Түркістан облысында 16 жастағы кәмелетке толмаған қыз жасы отыздан асқан жігітке тұрмысқа шыққанын жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1871365-almatyda-bryngy-prokuratura-men-bank-kyzmetkeri-aausyz-kyz-zorlagany-sin-kdiktelude/

pixel