Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Төсекте жарамай қалғаныма намыстандым": Елудегі азамат жастарға ақылын айтты

Опубликовано:

елудег3 адам
Көрнекі фото: www.kosakchiro.com

Төсектегі қуаты қайта бастағанын білген азамат ешкімге айтпаған сырымен бөлісті. Атын жасырын қалдыруды қалаған ол ғажайып көрпеше мен бұғы мүйізінің қанын пайдаланған соң, "жігіттік күшіне" қайта мінгенін айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

«Жасым елуге жақындады. Бұрынғыдай күш-қуат қалмағаны рас. Мүмкін, қара жұмысты көп істегенім, ауыр заттарды көп көтергенім де бұған себеп болған шығар. Қуанышқа қарай, әйелім бұл олқылықты бетіме басқан емес. Сонда да, өзімнің еркектік эгом төмендей бастағанын, өзімді төсекте ыңғайсыз сезінетінімді байқай бастадым. Бұл ер адамды ыңғайсыз жағдайда қалдырады екен. Дәрігерге баруды да осы кезде қолға алдым. Бұған дейін уролог алдын көрмеген екенмін. Бір түсінгенім, ер адам денсаулығын ертеден ойлауы тиіс. Біз көп нәрсені түсінбей, уақытты өткізіп алыппыз», - дейді ол

Ер адамға жылқының шоқтығы мен пайдалы ағаштардан жасалған «Аламан» көрпешесі үлкен көмек болған. Көрпешені көлігіне төсеп алған ол аз уақыттың ішінде өзін жақсы сезіне бастайды.

«Бабаларымыз Елубай, Алпысбай, Жетпісбайларды ат үстінде жүріп өмірге әкелген ғой. Қазір бәріміздің тақымымызда көлік қана, атқа сирек мінеміз. Тіпті, мінбейміз десек те болады. Осы орайда, «Аламан» көрпешесінің пайдасы шаш етектен екен. Соны пайдаланғалы бері, еркектік күш-қуатым арта бастады», - дейді ол.

Сондай-ақ, Алатау маралының мүйізінен алынған пантокрин де иммунитетті күшейтіп, еркектің жыныс гормондарын көбейте бастаған.

«Мұның бәрін замандастарыма бекер айтып отырғаным жоқ. Өзімнің басымнан өткен соң, бөліскенді жөн көрдім. Ер адамның жас ортасында төсектен қалғаны дұрыс емес. Мейілінше, дәрігерге уақытылы қаралып, белсіздіктің алдын алған дұрыс. Құдайға шүкір, менің балаларым бар. Бірақ белсіздік салдарынан сәби сүйе алмай жүрген жастардың көптігі қынжылтады. Жастарға айтарым – атқа мініңдер, дәрігерге қаралыңдар, денсаулықты күтіңдер», - дейді қала тұрғыны.

Айта кетелік, журналист Нұрсейіт Жылқышыбай елімізде белсіздікке ұшыраған ер адамдардың көптігін айтып, дабыл қаққан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1871472-tsekte-zaramaj-kalganyma-namystandym-eludegi-azamat-zastarga-akylyn-ajtty/

pixel