RU

Еуропа лигасы: "Қайрат" пен "Ордабасы" қарсыластарын қабылдады

Доп1
Көрнекі фото: piqsels.com

Бүгін UEFA Еуропа лигасы 2020/2021 жылғы кезеңінің алғашқы іріктеу сатысында қазақстандық "Қайрат" пен "Ордабасы" клубтары қарсыластарын қабылдады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

Айта кетерлігі, биыл жарысты жалғастыратын команда небәрі бір ғана ойын нәтижесімен анықталады. Бұл – UEFA тарапынан коронавирус инфекциясы жағдайына байланысты қауіпсіздік шарасы ретінде қабылданған шешім.

Алматыда "Қайрат" Арменияның "Ноа" командасымен кездесті. "Ноа" клубының құрылғанына бар-жоғы үш жыл толған. Еурокубок ойындарында алғаш рет бақ сынап отыр. Тәжірибесі аздығына қарамастан, армениялық клуб алаң иелеріне лайықты қарсылық көрсетті.

Есепті "Ноа" командасы 8-минутта ашты. Әріптесі Павел Деобальдтың берген пасын Кирилл Бор голға айналдырып кетті. Оған "Қайрат" сапынан Гүлжігіт Әліқұлов 12-минутта бір голмен жауап қайырды. Ал 35-минутта алматылық клуб қатарынан Вагнер Лав есепті үстемелей түссе, ол 70-минутта тағы бір голдың авторы атанды. Қорытынды есепті 90-минутта алматылық шабуылшы Адеринсола Эсеола белгіледі. Осылайша "Қайрат" жарыстың келесі сатысына жолдама алды.

Ал Шымкентте жергілікті "Ордабасы" Румынияның "Ботошани" командасына 1:2 есебімен есе жіберді. Ойынның 25-минутында румыниялық клубтан Марсель Хольцманн есеп ашты.

Ал шымкенттік Май Махлангу 31-минутта таразы басын теңестірді. "Ботошани" сапынан 33-минутта Марко Дуганджич ойынның нүктесін қойды. Айта кетерлігі, аталған кездесуде "Ордабасы" сапынан Абдуллаи Диакате пенальти соға алған жоқ.

Енді жарыстың екінші сатысының жеребесі 31 тамызда тартылады. Жарыстың бұл кезеңінде "Қайраттан" өзге біздің еліміздің атынан елордалық "Астана" мен Қызылорданың "Қайсар" командалары қатысады.

Айтта кету керек, "Астана" футбол клубының бас бапкері Михал Билек өз қызметінен кеткені туралы жазған едік.

Еске салсақ, "Манчестер Сити" ағылшын футбол клубы "Барселонаның" шабуылшысы Лионель Месси үшін 200 миллион еуро төлеуге дайын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1871504-europa-ligasy-kajrat-pen-ordabasy-karsylastaryn-kabyldady.html