Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Банкир мен экс-прокурор зорлады деген бойжеткен оқиғаны баяндап берді

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: pexels.com

Алматыда "қыз зорлады" деп айыпталған экс-прокурор мен банктің белді қызметкері сот алдында жауап бере бастады. Оқиға былтыр қараша айында болған. Тергеу мәліметінше, ішімдікке сылқия тойған банкир экс-прокурор досымен бірге өзінің жүріп жүрген қызын асқан қатыгездікпен зорлаған. Пәтерде негізі 5 жігіт болыпты. Дегенмен тек біреуі қамауға алынған. Ал экс-прокурор 84 миллион теңге тұратын зәулім үйін кепілдікке қойып, бостандықта жүр деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Жәбірленушінің сөзінше, сол күні 38 және 40 жастағы күдіктілердің көрсетпегені жоқ. Түні бойы топтасып зорлап, одан қалды, соққыға жықты, деп отыр. Ол тек таң атып, екеуі ұйқыға кеткенде ғана қыз пәтерден қашып шыққан.          

"Шұлығымды мойныма байлап, "үніңді өшір" деді. Екеуі түні бойы тоқтаусыз зорлады. "Тоқтатыңдар" деп жалындым, жыладым. Сөзіме ешкім құлақ аспады. Ұрып-соғып, көрсетпегенді көрсетті. Шашым жұлынды, денемнің сау жері қалмады. Шаруам бітті, өлдім деп ойладым", - деді жәбірленуші.

Оқиға Алматының таңдаулы тұрғын үй кешендерінің бірінде орын алған.

Телеарна мәліметінше, банктің белді қызметкері өзінің жүріп жүрген қызын қонаққа шақырады. Пәтерде бұлардан басқа тағы бір жұп болған. Бірақ олар көп ұзамай үйіне қайтып кеткен. Солардың артынша пәтерге үш жігіт кіріп келген.

"Жәбірленуші үйіне кетпек болғанда, экс-прокурор есікті құлыптап, қызға тиісе бастапты. Содан банкирдің де ойы бұзылып, екеуі қызды төсекке сүйреді - дейді жәбірленушінің адвокаты.

Ал қалған үшеуі болса, әрі қарай ішімдік ішіп отыра берген көрінеді. Қыздың "құтқарыңдар" деген айқайын таңға дейін естіген үшеу қазір сотта куәгер.   

"Күдіктілер "арызыңды ал" деп, талай мәрте қоқан-лоққы көрсеткен. Жәбірленушінің үйіне түнде барып, туыстарын қорқытып, болмаған соң, ақша да ұсынды. Енді кәмелетке толмаған балаларының барын айтып, соттан жеңілдік сұрап отыр. Бірақ біз олардың жазаға тартылуын талап етеміз", - дейді қорғаушы Жанна Оразбақова.

Телеарна дерегінше, істі боп жатқан бұрынғы прокурор екі бірдей аудандық қадағалау органының көмекшісі қызметін атқарған. Ол Алматы қалалық прокуратурасында да істеген көрінеді.

Күдікті тергеу басталғанда қамауға алынғанымен, көп ұзамай 84 миллион теңге тұратын коттеджін кепілдікке қойып, бостандыққа шыққан.

Қазір мамауда банк қызметкері ғана отыр.

Ал сотта банкир мен экс-прокурордың құқығын бес бірдей адвокаттың қорғап жатқаны белгілі болды.

Кеше басталған сот процесінде олар тергеуге көңілі толмайтынын айтып, істі қайта қарауды сұрады. Алайда сот өтініштерін кері қайтарған.

Дереккөз: КТК телеарнасы

Еске сала кетсек, осыған дейін Алматыда бұрынғы прокуратура қызметкері мен бұрынғы банк қызметкері бірлесіп қыз зорлады деп күдікке ілінгенін жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1871578-bankir-men-eks-prokuror-zorlady-degen-bojzetken-okigany-baandap-berdi/

pixel