RU

Тапсырыс берген кофесінің ішінде тарақан жүзіп жүрген жігіт жағасын ұстады (фото)

Тарақан
Видеодан скриншот: newsflare

Таиландта кафеден кофеге тапсырыс берген жігіт сусыннан тарақан тауып алып, жағасын ұстады деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы.

Келеңсіз жайт Таиландтың Бангкок қаласында 20 тамыз күні болған. Жас жігіт мұз қосылған салқын кофеге тапсырыс беріп, оны әбден ішіп болғанда, ішінде тарақан жүзіп жүргенін байқаған деп жазады liveleak.com басылымы.

Тарақан
Видеодан скриншот: newsflare

Кеңсе қызметкері жұмыс маңынан сатып алған кофесінен мұндай жәндіктің шығатынын мүлде күтпеген.

"Мен бұл тарақан мұнда қалай тап болғанын білгім келеді. Стақанның түбіне қараңыздаршы. Есеңгірегеннен не дерімді де білмей тұрмын", - дейді бұл жайтты видеоға түсірген азамат.

Тарақан
Видеодан скриншот: newsflare

Сусын ішінде қалқып жүрген тарақанның тірі еместігі байқалады. Ол кофеге салынған мұзбен бірге қатып қалған болуы керек.

Өз есімін жарияламауды жөн санаған азамат ендігі көшеден сусын аларда, жақсылап ойланатынын айтуда. Ол аталмыш кафеге енді аяқ баспайтынын мәлімдеді.

"Тарақан бұл кафенің қаншалықты тазалықты сақтайтынын көрсетті. Ендігі кофемде тарақан жүзіп жүргенін қаламаймын", - дейді ол.

Тарақан
Видеодан скриншот: newsflare

Жігіттің бұл жайттан кейін кафеге шағым түсірген-түсірмегені белгісіз. Айта кетсек, Таиландта тарақандар жиі кездеседі.

Еске салсақ, бұған дейін біз мысықпен бір түн өткізуге мүмкіндік беретін ерекше қонақүй туралы және полицейлерді тырқырата қуалаған сиырлар жайлы жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1871628-kafede-tarakan-aralas-kofe-isip-kojgan-zigitti-zregi-kterilgen-foto.html