Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Алматы Жастары 3.0" тұрғын үй бағдарламасына өтініш қабылдау басталады

Опубликовано:

тұрғын үй
Көрнекі фото: aikyn.kz

Алматыда 1-15 қыркүйек аралығында "Алматы Жастары 3.0" жеңілдікпен несиелендіру бағдарламасы бойынша өтініштер мен құжаттар қайта қабылданады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасап.

"Алматы әкімдігі 2020 жылдың 1 қыркүйегі мен 15 қыркүйегі аралығында 35 жасқа дейінгі (қоса алғанда) жастардан қалалық "Алматы Жастары 3.0" жеңілдікпен несиелендіру бағдарламасы аясында өтініштер мен құжаттарды қайта қабылдайтынын хабарлайды", - делінген тұрғын үй саясаты басқармасының хабарламасында.

Бұған дейін бағдарламаға қатысуға өтініш 2 наурыз-16 мамыр, сондай-ақ, 22 маусым мен 6 шілде аралығында қабылданды.

Өтінішті www.almaty-zhastary.kz сайты арқылы беруге болады. Авторизация электронды цифрлік қолтаңба арқылы жасалады.

Бұл ретте денсаулық сақтау және білім салалары бойынша резервке енгізілген тізімдердің бар екенін ескеріп, өтініштер мен құжаттарды қабылдау келесі санаттар бойынша жүргізіледі: мәдениет, спорт, жоғары оқу орындары және ғылыми-зерттеу институттары, журналистер, әлеуметтік сала.

Бағдарлама шарттары

  • қарыздың ең жоғары сомасы – 13 миллион теңгеге дейін;
  • пайыздық мөлшерлеме – 5%;
  • бастапқы жарна - 10%;
  • жаңа және қолданыстағы тұрғын үйді сатып алу мүмкіндігі.

Қатысушыларға қойылатын талаптар

Қатысушының жасы 35 жастан аспауы тиіс. Бағдарламаға негізгі қатысушы ретінде ерлі-зайыптының біреуі ғана қатыса алады.

Үміткерде және оның отбасы мүшелерінде меншік құқығында баспана, сондай-ақ, Қазақстан аумағында соңғы 5 жыл ішінде тұрғын үй жағдайын әдейі нашарлату фактілері болмауы тиіс.

Сонымен қатар, қатысушыда мемлекеттік бағдарлама бойынша алынған, отбасының басқа мүшелерінің ортақ бірлескен (үлестік) меншігін құрайтын үлестік меншіктегі үлесі немесе жалға берілетін тұрғын үй болмауы керек. Бұған бағдарламаға қатысушының немесе отбасы мүшелерінің кәмелетке толғанға дейін жекешелендіру немесе мұрагерлік жолымен алған жылжымайтын мүліктегі үлесі және жұмыс істейтін жастарға сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үйлер жатпайды.

Алматы қаласында қатысушының ресми жұмыс өтілі міндетті зейнетақы жарнасымен 6 айдан кем болмауы тиіс.

Мәдениет саласында өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға мерзімі жарты жылдан кем емес тіркелген жеке кәсіпкерлік қажет.

Анықтама телефоны: 300, 8-8000-801-880, +7 (727) 225 14 57, +7 (727) 225 14 44.  Толық ақпарат www.almaty-zhastary.kz сайтында жарияланған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1871708-almaty-zastary-30-trgyn-j-bagdarlamasyna-tinis-kabyldau-bastalady/

pixel