RU

СҚО-да өртеніп кеткен үйден төрт адамның денесі табылды (фото)

Ильинка ауылындағы өрт
Фото: ҚР ІІМ ТЖК

Бүгін таңғы уақытта СҚО-ның Есіл ауданына қарасты Ильинка ауылынан өрт шығып, нәтижесінде төрт адамнан тұратын отбасының өмірін жалмады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ІІМ ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жер үйде орын алған өрт оқиғасы туралы хабарлама өрт сөндірушілерге 29 тамызда сағат таңғы төрт шамасында келіп түсті.

Өртпен күресушілер бірден оқиға орнына аттанды. Олар келіп жеткен уақытта үйді, жабық ауланы, моншаны және тағы да басқа шаруашылық құрылыстарды толығымен өрт басып алған. Оған қоса, үйдің төбесі де қирап түсіп қалды.

Ильинка ауылындағы өрт
Фото:: ҚР ІІМ ТЖК

Оқиға куәгерлерінің сөзінше, үй ішінде адамдар болған. Өртті сөндіру жұмыстары кезінде 51 мен 28 жастағы екі ер адамның, 51 жастағы әйелдің жәнк төрт жасар бүлдіршіннің денесі табылды.

Мамандар өрттің шығу себебін анықтап жатыр. Сағат 7:18-де өрт толығымен сөндірілді. Жалын 188 шаршы метр ауданға жайылған.

Ильинка ауылындағы өрт
Фото: ҚР ІІМ ТЖК

Айта кетейік, бұған дейін Батыс Қазақстан облысында салынып жатқан екі қабатты жеке тұрғын үй өртеніп кеткен болатын. Жалын шарпыған аумақ 120 шаршы метрді қамтыған. Тілсіз жау өрт сөндірушілердің күшімен (6 адам, 3 техника) бір сағаттың ішінде ауыздықталды. Зардап шеккендер жоқ.

Оған қоса, Ақтөбеде жергілікті тұрғын бұрынғы әйеліне ерегесіп, оның әкесінің үйін өртеп жіберген. Баспана өртеніп кеткен соң - ондағы барлық дүние жарамсыз болып қалған. Үй иесі бұрынғы күйеу баласына 3 миллион 465 мың теңге шығынын өтеуді талап етті.

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1871742-sko-da-rtenip-ketken-jden-trt-adamny-denesi-tabyldy-foto.html