Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Илон Маск доңыздың миына чип енгізді (видео)

Опубликовано:

чип1
Фото: Twitter/Antonio Cahun Источник

Америкалық кәсіпкер әрі өнертапқыш Илон Маск миды чиптеу жобасының барысымен бөлісті деп жазады KAZ.NUR.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.

Ютубтағы онлайн трансляция кезінде миллиардер миына чип енгізілген доңызды көпшілікке көрсеткен. Құрылғының көлемі тиындай ғана, диаметрі небәрі 8 миллиметр.

Доңыз бір затты иіскегенде құрылғы белгі беріп, тұмсығы тиген сайын ми имплантында импульстер тіркеліп отырады екен.

Өнертапқыштардың айтуынша, бұл болашақта адамның күрделі неврологиялық ауруларын емдеуге мүмкіндік береді.

Айта кеткен жөн, 2016 жылы Илон Маск негізін қалаған "Нейралинк" компаниясы миды чиптеу жобасымен айналысып жүр. Миллиардер құрылғыны адам миына орналастыруға биыл рұқсат алуды көздейді.  

"Бұл құрылғының бірнеше функциясы бар. Ол адамның дене қызуы мен температурасын өлшеп отырады. Сөйтіп, миында чипі бар кісінің денсаулығын бақылап, жүрек ұстамасы немесе инсульт жайлы ескертеді. Мұны миыңыздың ішіндегі мобильді телефон деуге болады", - дейді Neuralink компаниясының негізін қалаушы Илон Маск.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Илон Масктың алғаш рет Forbes нұсқасы бойынша әлемнің ең бай 10 адамның тізіміне енгенін хабарлаған едік.

Forbesтың мәліметінше, қазіргі уақытта америкалық бизнесменнің қаржылық жағдайы 70,8 млрд долларға бағаланып отыр. Кәсіпкердің табысының артуына негізінен Tesla акцияларының күрт өсуі себеп болған.

Сонымен қатар қаңтар айында Илон Масктың алтыншы баласы дүниеге келгенін де жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1871802-ilon-mask-doyzdy-miyna-cip-engizdi-foto/

pixel