RU

ШҚО-да жоғалып кеткен 7 жастағы баланың денесі табылды

Фото
Фото: Фото: instagram.com/eastkazpolice

Шығыс Қазақстан облысының Алтай ауданы Зубовск ауылында жоғалып кеткен 7 жасар бала өлі күйінде табылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы өңірдің полиция департаментіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, іздеу жұмыстары тоқтатылған. Зорлық-зомбылықпен өлтіру белгілері бар ұл баланың денесі Зубовск ауылына жақын жерден табылды. Тәртіп сақшылары күдікті ретінде ауыл тұрғынын ұстады. Оны соңғы рет баланың жанында көргендер бар.

"Аталған факті бойынша "Кісі өлтіру" бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу іс-шаралары барысында күдіктіден қылмысты мойындау жауабы алынды. Ол Алтай аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау абақтысына қамалды", - делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, жеті жастағы баланың ата-анасы оның жоғалып кеткені жөнінде полицияға 30 тамыз күні хабарлаған. Олардың сөзінше, бала әдеттегідей, велосипед тебуге шығып кеткен. Алайда, біраз уақыттан соң оны таппай қалған. Ата-анасы өздігімен іздеу жұмыстары нәтиже бермегеннен кейін, тәртіп сақшыларына жүгінген. Хабар түсісімен "Дабыл" белгісі жарияланып, полицияның барлық жеке құрамы, волонтерлер, сондай-ақ ауыл тұрғындары баланы іздеустіруге кірісті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1871815-sko-da-zogalyp-ketken-7-zastagy-balany-denesi-tabyldy.html