Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

18+: Науқастың асқазанынан тірі жыланды алып шыққан дәрігерлер жаға ұстады (фото)

Опубликовано:

Жыланды алу сәті
Видеодан скриншот: gfycat.com

Ресейде ақ халаттылар өзін нашар сезінген науқастың асқазанынан тірі жыланды алып шықты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ порталы vinegred.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Ресей емханаларының бірінде болған бұл қорқынышты жағдайдың видеосы желіге тарап кеткен. Онда дәрігерлер әйелдің аузынан 121 сантиметрлік жыланды алып шығып жатқаны байқалады.

Жылан
Видеодан скриншот: gfycat.com

Белгілі болғандай, бауырмен жорғалаушы жануар әйелдің өз үйінің ауласында ұйықтап жатқан сәтін пайдаланып, оның аузына кіріп кеткен.

Нәтижесінде өзін жайсыз сезіне бастаған әйел емханаға жеткізіледі. Науқастың асқазанын тексерген дәрігерлер онда жыланның барын анықтағанда, өз көзіне сене алмаған. Олар әйелге наркозбен ота жасауға бел буады.

Жылан
Видеодан скриншот: gfycat.com

Видеода дәрігер қолғап киіп алып әйелдің асқазанына арнайы құрылғыны енгізгені, артынша сол құрылғымен жыланды алып шыққан сәті көрсетілген. Ота барысын бақылап тұрғандар таңданысын жасыра алмаған.

Жылан
Видеодан скриншот: gfycat.com

Бұл жағдай Дағыстанның Левашинский аудандық емханасында болды деп топшыланғанымен, мекеменің бас дәрігері Патимат Абдурашидова ондай отаның болғаны туралы естімегенін алға тартты.

Жылан
Видеодан скриншот: gfycat.com

Жергілікті тұрғындар болса, өңірде мұндай жағдай болып тұратынын айтуда. Тіпті қарт кісілер өңірдегі жастарға аузына жылан кіріп кетпес үшін далада ұйықтамауға кеңес береді екен.

Еске салсақ, бұған дейін Таиландта кафеден кофеге тапсырыс берген жігіттің сусыннан тарақан тауып алғанын және сирек тері дертіне шалдыққан ару денесін "сурет салатын қағазға" айналдырғанын жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1871891-18-naukasty-askazanynan-tiri-zylandy-alyp-sykkan-drigerler-zaga-stady-foto/

pixel