Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Басты мәселе": Тоқаев мұғалімдердің жалақысын көбейтпекші

Опубликовано:

42500
Көрнекі фото: Sputnik / Абзал Калиев

2021 жылдың қаңтар айынан бастап мұғалімдердің еңбекақысы 25 пайызға артады. Бұл туралы президент Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысындағы Қазақстан халқына жыл сайынғы дәстүрлі жолдауында мәлім етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

"Білім саласындағы басты мәселенің бірі – ұстаздар жалақысының аздығы. Мен 2021 жылдың қаңтар айынан бастап мұғалімдердің еңбекақысын 25 пайызға көбейту жөнінде шешім қабылдадым" , - деді мемлекет басшысы.

Осы орайда Қасым-Жомарт Тоқаев жалақы мөлшері алдағы уақытта да арта беретінін жеткізді.

"Бұл мақсатқа алдағы үш жылда 1,2 трлн теңге бөлінеді", - деді президент.

Еске сала кетсек, осыған дейін Қасым-Жомарт Тоқаевтың Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына арналған жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауы басталғанын жазған болатынбыз.

Мемлекет басшысы жолдауы кезінде дәрігерлерге, құқық қорғау органдары қызметкерлеріне және еріктілерге алғыс айтты.

Сонымен қатар президент 42 500 теңге әлеуметтік төлемді қанша қазақстандықтың алғанын жеткізді.

Одан бөлек, Тоқаев министрліктердегі жауапты хатшылар қысқартылатынын мәлім етті.

Парламент палаталарының бірлескен отырысындағы Қазақстан халқына жыл сайынғы дәстүрлі жолдауында қазақстандықтар қай уақытта зейнетақы жинағына үй сатып ала алатыны белгілі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1871983-basty-msele-tokaev-mgalimderdi-zalakysyn-kbejtpeksi/

pixel