Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев қос азаматтығы бар шенеуніктерді жұмыстан босатуды тапсырды

Опубликовано:

Құжат паспорт1
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Парламент отырысында Қазақстан халқына жолдауы кезінде мемлекет басшысы келесі жылдан бастап елде сыбайлас жемқорлықпен күрес күшейтілетінін айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзінше, елде жемқорлықтың пайда болу себептеріне көбірек назар аударылып, алдын алу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Мысалы, заңдарға және басқа да нормативтік құқықтық актілерге талдау жүргізілуде. Президенттің айтуынша, бұл жұмысты күшейту керек және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің жаңа әдістерін енгізу керек.

"2021 жылдан бастап мемлекеттік қызметшілердің, депутаттардың, судьялардың шетел банктерінде есепшотқа ие болуы, қолма-қол ақша және бағалы заттар сақтауына қатысты жемқорлықпен күрес аясында жаңа шектеулер енгізу керек. Мемлекеттік қызметшінің немесе квазимемлекеттік мекеме басшысының қос азаматтығы анықталған жағдайда олар қызметінен босатылады", – деді мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев сыбайлас жемқорлықпен айналысқан қылмыскерлердің жазасын қатаңдату туралы да айтты.

"Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің, судьялардың, пара берушілердің және парақорлыққа делдал болғандардың сыбайлас жемқорлығы үшін жазаны қатайту тұрғысынан Қылмыстық кодекске өзгерістер енгізу керек.

Сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыс жасағандарға шартты түрде мерзімінен бұрын босату шарасы қолданылмайды.

Жемқорлықпен ұсталғандардың мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда жұмыс істеуіне өмір бойы тыйым салатын қағида қатаң сақталуы керек", – деп баса айтты президент.

Айта кетейік, бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына арналған жыл сайынғы дәстүрлі жолдауын жариялады.

Оның барысында мемлекет басшысы шенеуніктер санын қысқартуды тапсырды. Бұл квазимемлекеттік секторға да қатысты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1872027-tokaev-kos-azamattygy-bar-seneunikterdi-zmystan-bosatudy-tapsyrdy/

pixel