RU

Ақтөбе облысында үйінің ауласында қарасора өсірген ер адам әшкере болды

Қарасора
Көрнекі фото: pixabay.com

Ақтөбе облысында ер адам үйінің ауласында қарасора өсірген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Шалқар АІІБ-нің полиция қызметкерлері 27 тамыз күні "Қарасора-2020" жедел-профилактикалық іс-шарасын жүргізу кезінде 45 жастағы жергілікті тұрғынның үйінің ауласында егуге тыйым салынған құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді (қарасораны) заңсыз өсіріп жатқандығын анықтаған.

Полицейлер ауладан тоғыз түп қарасора тәркілеген. Үйдің ауласында орналасқан сарайды тексеру кезінде аяқ киім қорабынан 500 грамм шамасында белгілі бір иісі бар өсімдік заты табылған.

Күдікті кінәсін мойындаған. Тәркіленген заттарға сараптама тағайындалған.

Аталмыш факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары Қылмыстық кодекстің 296-бабы, 2-бөлігі (Есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) және Қылмыстық кодекстің 300-бабы, 1-бөлігі (құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді заңсыз өсіру) бойынша жүргізілуде.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Шымкентте өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді қыш құмыраларға еккен 43 жастағы азаматтың ұсталғанын хабарлаған едік.

Полиция өз үйінің жертөлесінде "гидропоника" әдісімен, құрамында есірткі заттары бар өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді қыш құмыраларда заңсыз егіп өсіріп жатқан 43 жастағы мүгедектігі бар жергілікті тұрғын анықтаған.

Сондай-ақ, Германиядан поштамен есірткіге тапсырыс берген азамат 16 жылға түрмеге қамалған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1872030-aktbe-oblysynda-jini-aulasynda-karasora-sirgen-er-adam-skere-boldy.html