RU

80 жыл ішінде шашын қимаған қария 5 метрлік бұрымының қасиетті екеніне сенімді

Қария
Видеодан скриншот: Sharjah24 News

Вьетнам тұрғыны 80 жыл ішінде шашын бес метрге дейін өсірген. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ порталы facenews.ua сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

92 жастағы Вьетнам тұрғыны Нгуен Ван Чин 12 жасынан бері шашына қайшы жолатпаған екен. Нәтижесінде шашының ұзындығы бес метрге дейін барған қария әлем жұртшылығының таңданысын тудыруда.

Бір қызығы, зейнеткер өмір жасының ұзақтығын шашының ұзындығымен байланыстырады екен. Айтуынша, көп жасауының құпиясы - шашының ұзын болуында.

Ван Чин дүниеге келген сәттен бастап адам баласы дене-бітіміне ешқандай өзгеріс жасамауы тиіс деген пікірде. Осылайша, шашына да тиіспеуді жөн санайтын ақсақал шашын қиса, немесе шаш үлгісін өзгертетін болса, өмірімен қош айтысуы мүмкін деген сенімде.

Бақыты мен ұзақ жасауын шашының ұзын болуымен байланыстыратын Ван Чин шашын барынша күтіп, таза ұстайды. Тіпті басына орамал тағып жүруді жөн көретін болып шықты.

Ол шашты өсіру оған Құдайдан берілген ерешке күш-қуат деп біледі. Ван Чинге шашын күтімде ұстауға 62 жастағы ұлы Луом көмек көрсетеді. Ол да әкесінің шашы қасиетке ие деген пікірмен оған қайшы жолатпағанды оң санайтынын алға тартты.

Еске салсақ, бұған дейін біз 42 жастағы азамат ерекше ұзын шашымен рекорд орнатқанын жазған болатынбыз.

Одан бөлек, түсінде көрген санды таңдаған әжей лотореядан қыруар қаражат ұтып алғанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1872071-80-zyl-isinde-sasyn-bes-metrge-dejin-sirgen-karia-sasyny-kasietti-ekenine-senimdi.html