RU

ШҚО-дағы бала өлімі: Күдіктінің писхикасында ауытқулар болуы мүмкін

Жеткіншек
Фото: m.nsktv.ru

ШҚО-да жеті жасар баланың өлімі бүтін бір ауылды дүрліктірген болатын. 20 жастағы жігіт күдікті ретінде қамауға алынған еді. Қайғылы жағдайға қатысты тың ақпараттар шықты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

29 тамыз күні 7 жасар балақай аулаға ойнауға шығып кетіп, үйіне қайтып оралмайды. Басында ата-анасы оны өз күштерімен іздеп табуға тырысады. Алайда онысынан түк шықпағасын, олар полицияның көмегіне жүгінген. Баланы іздеуге полицейлер, еріктілер мен ауыл тұрғындарынан құралған жүз шақты адам жұмылдырылады.

Куәгерлердің айтуынша, жеткіншекті соңғы рет 20 жастағы жігітпен бірге көрген. Astana TV телеарнасының мәліметіне сәйкес, ауыл маңындағы таудың арасынан түрлі пышақ жарақатын алған жеткіншектің денесі табылған. Бірінші сынып оқушысын жақында жер қойнына тапсырды.

Дәл сол күні полицейлер күдіктіні құрықтады. Ол көрші тұратын 20 жастағы жігіт болып шықты. Балақайдың өліміне қатысты тергеу жүргізілуде. Әзірге болжам бойынша, баланы өлтіріп кеткен. Полицейлердің айтуынша, күдікті өз кінәсін мойындап отыр. Бүгінде ол қамауға алынған.

Жергілікті тұрғындардың сөзіне сенсек, жас жігіттің писхикасында ауытқулар бар. Айтуларынша, ол үй жағдайында білім алып жүрген. Ешуақытта агрессия білдірмеген азамат ақкөңіл болатын дейді тұрғындар.

Қамауға алынғаннан кейін жігітті тексерген дәрігерлер оның қан құрамынан алкоголь таппаған. Ақ халаттылар күдіктінің психикалық жағдайына қатысты әзірге ештеңе айта алмауда. Ол үшін медициналық қорытынды жасау қажет.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1872093-sko-dagy-balany-limi-kdikti-psihikalyk-auytkuga-saldykkan-boluy-mmkin.html