Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ашушаң әйел сөзіне құлақ аспаған күйеуінің әуретті жерін жұлып алды

Опубликовано:

Ұрыс
Көрнекі фото: b17.ru

Замбияда ерлі-зайыптылардың арасындағы жанжал қайғылы жағдайға ұласты. Ашушаң келіншек сөзіне құлақ аспаған күйеуінің әуретті жерін жұлып алған деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы.

Daily Star басылымының мәліметіне сәйкес, оқыс жағдай Замбияның Китве қаласында болған.

Мукупа Мусонда күйеуі Абрахаммен үйіндегі тышқанға бола жанжалдасқан. Түні бойы көшеде жүріп, ішімдікке сылқия тойып келген келіншек төсегінде тышқан жатқанын көріп қалады. Күйеуінен әлгі тышқанды ұстап алып, өлтіруді сұраған Мукупа жарынан жоқ деген жауап алуды күтпеген болуы керек. Күйеуі өтінішін орындамағанына ренжіген ол ұрыс шығарады.

Тышқан
Көрнекі фото: Newsflash

Мәселені сөзбен шеше алмаған әйел күйеуінің әуретті жеріне жармаса кетіп, оны тістеп, жұлып алған. Ауыр дене жарақатын алған азамат емханаға жатқызылды. Зардап шегушінің бүгінгі жағдайы әзірге белгісіз. Полицейлер ашушаң әйелді қамауға алғанда оның мұндай қорқынышты әрекетке барғанын көріп, өз көздеріне сене алмаған.

Зардап шегуші жатқызылған емхана
Фото: dailystar.co.uk

Айта кетсек, Китведе тышқан мәселесі өршіп тұр. Өңірде кеміргіштер өте жиі кездесіп жатады. Жергілікті тұрғындар тышқандардан құтылудың амалын таппай билікке талай рет дабыл қаққан болатын. Алайда кеміргіштердің көзін құрту оңайға соқпауда.

Еске салсақ, бұған дейін АҚШ-та дәрігерлер коронавирус дерті ер адамның әуретті жерін зақымдауы мүмкін деген мәлімдеме жасаған болатын.

Одан бөлек Таиландта кафеден кофеге тапсырыс берген жігіт сусыннан тарақан тауып алғанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1872118-asusa-jel-szine-klak-aspagan-kjeuini-uretti-zerin-zlyp-aldy/

pixel