Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда жоғалып кеткен тоғыз жасар баланы 250 адам іздестіруде (фото)

Опубликовано:

Месут1
Фото: Алматы ПД баспасөз қызметі

Бір күн бұрын Алматыда жоғалып кеткен 9 жасар Месут Мырзақұловты іздеуге 250 адам жұмылдырылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Соңғы мәліметтер бойынша, балақай үйден шығып кетіп, әжесі жұмыс істейтін №33 мектепке барған.

Бұл бейнебақылау камераларының жазбаларын зерттеу барысында анықталды. Месут Қалдаяқов көшесінің бойымен оңтүстік бағытта кетіп бара жатқан.

Месуттың үйі жеке секторда, тауға жақын, Кеңсай зиратының артында орналасқан. Осы аймақта іздестіру жұмыстары қолға алынған.

Іздеу тобының құрамында иттерін ерткен кинологтар, Ұлттық гвардияның 100 жауынгері, жедел әрекет ету бөлімінің 20 қызметкері, ювеналды полицияның 50 инспекторы және аудандық деңгейдегі учаскелік полиция инспекторлары, қалалық криминалдық полицияның 40 жедел уәкілі, 20 ерікті және Месут оқитын мектептің 5 мұғалімі бар.

Жақын маңдағы барлық қараусыз қалған ғимараттар да тексеріледі. Қамқор азаматтардың ақпараттар келіп түсіп жатыр. Олар да мұқият тексерілмек.

Еске сала кетсек, бұған дейін Шығыс Қазақстан облысында аулада ойнап жүрген 7 жастағы баланың жоғалып кеткені хабарланған болатын. Кейін оның денесі ауыл маңынан табылды. Тәртіп сақшылары күдікті ретінде ауыл тұрғынын ұстады. Оны соңғы рет баланың жанында көргендер бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1872188-almatyda-zogalyp-ketken-9-zasar-balany-250-adam-izdestirude-foto/

pixel